Download Print this page

Huawei FreeBuds Pro 2 Quick Start Manual page 9

Hide thumbs Also See for FreeBuds Pro 2:

Advertisement

Available languages

Available languages

Сақтық шаралары
Құлаққаптар дұрыс жұмыс істеуі үшін торды, құлақ ішпектерін, сонымен бірге құлаққаптар мен зарядтау корпусындағы металл түйіспе
нүктелерін таза ұстаңыз.
Құлаққапты таққан кезде теріңізде тітіркену пайда болса, оларды шешіп, дұрыстап тазалаңыз. Мәселе қайталанса, дәрігерден кеңес
алыңыз.
Шуды басуды қосу қоршаған дыбыстар мен дабылдарды түйсінуге әсер етуі мүмкін. Бұл функцияны пайдалану кезінде қауіпсіз ортада
екеніңізге көз жеткізіңіз.
Бұл құрылғының микробағдарламасы бұрын жұптастырылған Honor құрылғысына (2020 жылдың соңына дейін шығарылған) немесе бұрын
жұптастырылған Huawei құрылғысына қосылған кезде және Wi-Fi немесе мобильді деректер қосулы кезде автоматты түрде жаңартылып
отырады. Микробағдарламаның автоматты жаңартуларын «Параметрлер» ішінде өшіруге болады.
Жою және қайта өңдеу туралы ақпарат
Өнімдегі, батареядағы, оқулықтағы немесе орауыштағы бұл таңба өнімдер мен батареяларды қызмет мерзімі соңында жергілікті
органдар белгілеген бөлек қоқыс жинау нүктелеріне апару керектігін білдіреді. Бұл EEE қоқысының құнды материалдарды сақтайтын және
адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғайтын жолмен өңделуін және қайта өңделуін қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат алу
үшін жергілікті билік органдарына, сатушыға немесе тұрмыстық қоқысты жою қызметіне хабарласыңыз немесе
https://consumer.huawei.com/en/ веб-сайтына кіріңіз.
ЕО регламенттеріне сәйкестік
Осымен, Huawei Device Co., Ltd., осы T0006/T0006C құрылғысы келесі RED 2014/53/EU директивасына, RoHS 2011/65/EU, EU REACH
регламентіне және батареялар (қамтылған болса) туралы директиваға сәйкес екенін мәлімдейді.
ЕО сәйкестік декларациясының толық мәтіні және қосалқы құралдар мен бағдарламалық құрал туралы ең соңғы ақпарат мына интернет
мекенжайында қолжетімді: https://consumer.huawei.com/certification.
Жиілік диапазондары және қуат
Bluetooth: 2,4 ГГц 14 дБм.
РЖ сәулелену туралы ақпарат
Бұл құрылғы қуаты аз радио таратқыш және қабылдағыш болып табылады. Халықаралық ережелерге сәйкес құрылғы қолданыстағы ұлттық
МСК шектеріне сәйкес келеді: 2,0 Вт/кг (10 г) және 1,6 Вт/кг (1 г).
10 г МСК: Ең жоғары хабарланған МСК мәні: Бастағы МСК: 0,31 Вт/кг.
1 г МСК: Ең жоғары хабарланған МСК мәні: Бастағы МСК: 0,87 Вт/кг.
Импорттаушы
ЖШС «Хуавей Текнолоджиз Казахстан» 050059, Достық даңғылы 210, Бизнес центр "Grand Koktem", 1-ші блок, 11-ші этаж, Медеу ауданы,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Huawei бірыңғай көмек көрсету қызметі: 6530
Құқықтық ескертпе
Авторлық құқық © Huawei 2021.Барлық құқықтары қорғалған.
Орауыш қораптағы құжаттардағы бүкіл мазмұн, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей өнімнің сыртқы түрі, түсі, өлшемі және қолдау
көрсетілетін мүмкіндіктері (соңғы мүмкіндіктер бағдарламалық құрал жаңартуларымен бірге келеді) туралы ақпарат және олардың
сипаттамалары тек анықтама беруге арналған. Нақты өнім өзгеше болуы мүмкін.
®
Bluetooth
сөз белгісі мен логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. меншігіндегі тіркелген сауда белгілері және Huawei Technologies Co., Ltd.
компаниясы бұл белгіні лицензия бойынша пайдаланады. Huawei Device Co., Ltd. — Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясының еншілес
компаниясы.
Құпиялықты қорғау
Жеке ақпаратыңызды қалай қорғайтынымызды жақсырақ түсіну үшін https://consumer.huawei.com/privacy-policy мекенжайындағы құпиялық
саясатын қараңыз немесе тиісті қолданбаны пайдаланып құпиялық саясаты мен қызмет көрсету шарттарын оқыңыз.
Бағдарламалық құралдың лицензиялық келісімі
Осы құрылғыны пайдалану алдында бағдарламалық құралдың лицензиялық келісімін мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны пайдалану арқылы
сіз лицензиялық келісімнің міндеттеуіне келісетініңізді көрсетесіз. Келісімді оқу үшін келесі веб-сайтқа кіріңіз:
https://consumer.huawei.com/en/legal/eula/.
Бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал туралы ескерту
Құрылғының бастапқы коды ашық бағдарламалық құралы туралы мәлімдемені көру үшін https://consumer.huawei.com/en/opensource/ сайтына
кіріп, құрылғының атауын іздеңіз.
4

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

T0006T0006c