Whirlpool AKP 7460 IX User And Maintenance Manual page 35

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 75
ФУНКЦИЯ СИПАТТАМАСЫНЫҢ КЕСТЕСІ
ӨШІРУ
ШАМ
ДƏСТҮРЛІ
КОНВЕКЦИ-
ЯЛЫҚ ПЕШ
ГРИЛЬ
ТУРБО
ГРИЛЬ
ЖІБІТУ
ТУРБО
ЖЕЛДЕТКІШ
КҮШТІ АУА
АСТЫН
ҚЫЗДЫРУ
ФУНКЦИЯЛАР ТЕТІГІ
Пісіруді тоқтатуға жəне духовканы өшіруге арналған.
Духовка шамын қосуға/өшіруге арналған.
Кез келген тамақ түрін тек бір текшеде пісіруге арналған. 2-текшені пайдаланыңыз.
Духовканы қажетті температураға дейін алдын ала қыздырыңыз. Пеш дайын
болған кезде термостат шамы өшеді, сол кезде оның ішіне тамақты салуға
болады.
Сұйық салмасы (тəтті немесе ащы) бар тоқаштарды бір текшеде пісіруге арналған.
Бұл функцияны екі текшеде пісіру үшін пайдалануға да болады. Тамақты біркелкі
пісіру үшін тамақтың орындарын ауыстырып тұрыңыз. Тек бір текшеде пісіру үшін
2-текшені пайдаланыңыз, ал екі текшеде пісіру үшін 2 жəне 4-текшелерді
пайдаланыңыз. Тамақ пісірмес бұрын духовканы алдын ала қыздырып алыңыз.
стейкті, кəуапты жəне шұжықты отқа қақтауға арналған; көкөністер қосылған «о-
гратен» пісіруге жəне нан тіліктерін күйдіруге арналған. Тамақты 4-текшеге
салыңыз. Еттен гриль жасаған кезде тағамның сөлін жинау үшін май жинайтын
табаны пайдаланыңыз.Оны шамамен жарты литр су құйылған күйінде 3-текшеге
салыңыз. Пешті 3-5 мин алдын ала қыздырыңыз. Пісіру барысында пеш есігі
жабық болуы қажет.
Үлкен ет кесектерін (жіліктер, қуырылған сиыр еті, тауықтар) қуыруға арналған.
Тамақты ортаңғы текшелерге салыңыз. Тамақтан ағатын сұйықтықты жинау үшін
тамшы науасын пайдаланыңыз. Оны шамамен жарты литр су құйылған күйінде
1 жəне 2-текшеге салыңыз. Біркелкі қызартып пісіру үшін етті пісіру барысында
аударыстырып тұрған жөн. Духовканы алдын ала қыздырып қажеті жоқ. Пісіру
барысында пеш есігі жабық болуы керек.
Тамақты ерітуді жылдамдатуға арналған. Тағамды ортаңғы сөреге салыңыз.
Тамақтың сыртта кеуіп кетуіне жол бермес үшін, өзінің орамында қалдырыңыз.
Жемістерді, тоқаштарды, көкөністерді, пиццаны, құс етін, т.б. бір деңгейде пісіруге
арналған.
Сонымен қатар, ең көбі екі текшеде бір уақытта жəне бір температурада пісірілетін
əр түрлі тамақ түрлерін (мысалы, балық, көкөністер, тоқаштар) пісіруге арналған.
Бұл функция бір тамақтың иісі екіншісіне сіңбейтіндей етіп пісіруге мүмкіндік
береді. Бір текшеде пісіру үшін 2-деңгейді пайдаланған жөн. Екі текшеде пісіру
үшін 1 жəне 3- текшелерді пайдалану жəне духовканы алдын ала қыздырған жөн.
Тамақ пісірілген соң оның түбін күйдіру үшін осы функцияны пайдаланыңыз.
Тамақты 1/2- пісіру деңгейлеріне қойған жөн. Бұл функцияны көкөністерді жəне
етті бұқтыру үшін баяу пісіру мақсатында пайдалануға да болады; Бұл жағдайда 2-
пісіру деңгейін пайдаланыңыз. Духовканы алдын ала қыздырып қажеті жоқ.
KZ33

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents