Philips AVENT SCD506 Manual page 166

Hide thumbs Also See for SCD506:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
166
"Байланыс" шамы жасыл түсте жыпылықтауды бастайды.
Ескерту: Нәресте бөлігінде бесік жыры үшін дыбыс деңгейін жоғары етіп орнатсаңыз, дыбыс ата-
ана бөлігінде сөйлеу функциясын пайдаланған кезде де қатты шығады.
2 Сөйлесіп болғаннан соң СӨЙЛЕСУ түймесін жіберіңіз.
Батарея күйінің жарығы
Ата-ана бөлігінің қайта зарядталатын батареяларының заряды төмен болса, батарея күйінің шамы
қызыл түсте жыпылықтап, ата-ана бөлігінде дыбыстық сигнал (сурет 21) шығады. Қалған жұмыс
уақыты - кемінде 30 минут.
Ата-ана бөлігінің қайта зарядталатын батарея заряды бос болса, батарея күйінің шамы қызыл түсте
жыпылықтайды.
Егер батарея күйінің шамы қызыл түсте жанған кезде ата-ана бөлігі электр көзіне қосылмаса, ата-ана
бөлігі өшеді.
Ата-ана бөлігін зарядтау (сурет 21) кезінде, батарея күйінің шамы жасыл түсте жыпылықтайды.
Микрофон сезімталдығы
Бұл опция нәресте бөлігі микрофонының сезімталдығын орнатуға мүмкіндік береді. Микрофон
сезімталдығы нәресте бөлігі таңдайтын шу деңгейін анықтайды, мысалы, бала жылаған кезде естігіңіз
келеді, бірақ, оның уілдеп жатқанын естігіңіз келмейді.
Ескерту: Ата-ана бөлігі төмен сезімталдық деңгейіне орнатылған кезде, ол аз қуатты пайдаланады.
1 "Сезімталдық" түймесін бір рет (сурет 22) басыңыз.
Дыбыс деңгейінің шамдары ағымдағы сезімталдық деңгейін (сурет 19) көрсету үшін қысқа уақытқа
жанады.
2 Сезімталдық деңгейін арттыру үшін, 3 секунд ішінде "сезімталдық" түймесін қайта басыңыз.
Максималды сезімталдық деңгейіне жеткен кезде, ең төменгі сезімталдық деңгейі қайта таңдалады.
3 Түймені кемінде 3 секунд бойы баспаған жағдайда, дыбыс деңгейі шамдары өшіп, параметрлер
сақталады.
 
ECO (ЭКО) режимі
Smart ECO - осы нәресте бақылаушысындағы стандартты мүмкіндік. Қуатты үнемдеу үшін, ол нәресте
бөлігінен DECT сигналын автоматты түрде азайтады. Қуатты көбірек үнемдеу үшін, Eco Max режимін
белсендіріңіз. Бұл режимде бала дауысы шықпағанда нәресте бөлігінің DECT сигналы сөнеді.
Абайлаңыз: Бала дыбыс шығарғанда, жауапта аздап кідіріс болуы мүмкін, себебі нәресте бөлігі ата-
ана бөлігіне кері байланыс жіберместен бұрын DECT сигналы қайтадан қосылуы керек.
Келесі жағдайларды ескеріңіз:
-
Eco Max режимінде нәресте бөлігі өшкен кезде немесе ата-ана бөлігі нәресте бөлігінің ауқымынан
тыс болғанда, кері байланыс қабылданбайды. Ата-ана бөлігіндегі кез келген түймені басу арқылы
байланысты тексеруге болады.
ECO Max режимін белсендіру
Ата-ана бөлігі нәресте бөлігіне қосылғанын тексеріңіз.
1 ECO Max түймесін (сурет 23) басыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents