Philips AVENT SCD506 Manual page 165

Hide thumbs Also See for SCD506:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
3 Бесік жырының дыбыс деңгейін реттеу үшін, нәресте бөлігіндегі + немесе – түймесін басыңыз.
4 Бесік жырын тоқтату үшін, нәресте бөлігіндегі бесік жырын ойнату/тоқтату түймесін басыңыз.
Ата-ана бөлігіне хабар жіберу
Ата-ана бөлігін жоғалтып алған жағдайда, оның орнын анықтау үшін, нәресте бөлігіндегі PAGE
(Пейджер) түймесін пайдалануға болады. Бұл функция тек ата-ана бөлігі қосулы кезде ғана жұмыс
жасайды.
1 Нәресте бөлігіндегі (сурет 17) PAGE (Пейджер) түймесін басыңыз. Ата-ана бөлігі хабар жіберудің
дабыл дыбысын шығарады.
2 Хабар жіберудің дабыл дыбысын тоқтату үшін, нәресте бөлігіндегі PAGE (Пейджер) түймесін қайта
басыңыз немесе ата-ана бөлігіндегі кез келген түймені басыңыз. Хабар жіберудің дабыл дыбысы 2
минуттан соң автоматты түрде тоқтайды.
Батарея күйінің жарығы
Нәресте бөлігі батареямен іске қосылғанда және батареяда жеткілікті заряд болғанда, батарея күйінің
жарығы тұрақты жасыл түсте болып жанады.
Батарея қуаты (сурет 18) арқылы жұмыс істеп тұрған нәресте бөлігінде заряд төмендеген жағдайда,
батарея күйінің жарығы жылдам қызыл түсте жыпылықтайды.
Ескерту: Нәресте бөлігі адаптермен қуатталған кезде, батарея күйінің жарығы өшеді.
Заряды азайғанда батареяларды ауыстырыңыз.
Ата-ана бөлігіндегі функциялар мен кері байланыс
Дыбыс деңгейі
Бес дыбыс деңгейі және "дыбыс деңгейін өшіру" параметрі бар.
Дыбыс деңгейін орнату
1 + түймесін немесе - түймесін бір рет басыңыз.
Дыбыс деңгейі шамдары ағымдағы дыбыс деңгейін (сурет 19) көрсетеді.
2 Дыбыс деңгейін көтеру үшін + түймесін, ал төмендету үшін - түймесін басыңыз.
3 Түймені кемінде 3 секунд бойы баспаған жағдайда, дыбыс деңгейі шамдары өшіп, параметрлер
сақталады.
Дыбысты өшіру
Төменгі дыбыс деңгейі параметрінің астында "дыбысы сөндірілген" параметрі бар.
1 + түймесін немесе - түймесін бір рет басыңыз.
Дыбыс деңгейі шамдары ағымдағы дыбыс деңгейін көрсетеді.
2 Дыбысты өшіру үшін, кемінде 3 секунд бойы - түймесін басып тұрыңыз.
Ескерту: Дыбыс деңгейі шамдары дыбыс деңгейі өшірілген кезде де, әрқашан нәрестенің дыбыс
шығарғанын көрсетеді.
Сөйлесу функциясы
1 Нәрестеңізге қолайлы болу үшін, ата-ана бөлігіндегі СӨЙЛЕСУ түймесін басып, алдыңғы
микрофонға 15-30 см (0,5-1 фут) (сурет 20) арақашықтықта тұрып анық сөйлеңіз.
Қазақша
165

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents