LG OLED48CX Series Owner's Manual page 40

Hide thumbs Also See for OLED48CX Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қосылымдар
Теледидарға әр түрлі сыртқы құрылғыларды жалғап,
сыртқы құрылғыны таңдау үшін, кіріс сигналы режимдерін
ауыстырып қосыңыз. Құрылғының сыртқы қосылымы
туралы қосымша ақпарат алу үшін әр құрылғымен бірге
берілетін нұсқаулықты қараңыз.
Антенна/Кабель
RF кабелі (75 Ω) арқылы теледидарды қабырғадағы
антенна ұясына жалғаңыз.
• 2-ден көп ТД пайдалану үшін сигнал сплиттерін
пайдаланыңыз.
• Егер бейне сапасы нашар болса, бейне сапасын
жақсарту үшін сигнал күшейткішін тиісті түрде
орнатыңыз.
• Егер антенна қосылған күйде бейне сапасы нашар
болса, антеннаның бағытын түзетіңіз.
• Антенна кабелі және конвертер қамтамасыз етілмеген.
• ULTRA HD хабар тарату арқылы қолданылмайтын
жерде бұл ТД ULTRA HD хабарларын тікелей
қабылдай алмайды.
Жерсерік тарелкасы
Теледидарды жерсеріктің ұяшығына жерсерік RF
кабелімен (75 Ω) жалғаңыз. (Үлгіге байланысты)
CI модулі
Шифрленген (ақылы) қызметтерді сандық теледидар
режимінде көру. (Үлгіге байланысты)
• CI модулінің PCMCIA карта ұясына дұрыс салынғанын
тексеріңіз. Егер модуль сәйкесінше енгізілмесе,
теледидар немесе PCMCIA карта ұяшығына зақым
келуі мүмкін.
• CI+ CAM қосылғанда теледидарда ешбір бейне
немесе аудио көрсетілмесе, Жер/Кабель/Жерсерік
қызмет операторымен хабарласыңыз.
Басқа қосылымдар
Теледидарды сыртқы құрылғыларға қосыңыз. Сурет пен
дыбыс сапасы барынша жақсы болу үшін, сыртқы құрылғы
мен теледидарды HDMI кабелімен жалғаңыз. Кейбір бөлек
кабель берілмейді.
HDMI
• HDMI кабелін жалғаған кезде, бұл құрылғыны және
сыртқы құрылғыларды өшіріп, қуат көзінен ажырату
керек.
• Қолдау көрсетілетін HDMI аудио пішімі (Үлгіге
байланысты):
True HD (48 кГц),
Dolby Digital / Dolby Digital Plus (32 кГц, 44,1 кГц, 48 кГц),
PCM (32 кГц, 44,1 кГц, 48 кГц, 96 кГц, 192 кГц)
→ [Сурет] → [Қосымша параметрлер] →
[HDMI ULTRA HD Deep Colour]
(OLED55/65BX*)
- Қосу : 4K @ 50/60 Гц (4:4:4, 4:2:2, 4:2:0) қолдау,
<Тек 3-ші және 4-ші порт> 4K @ 100/120 Гц (4:4:4,
4:2:2, 4:2:0)
- Сөндіру : 4K @ 50/60 Гц (4:2:0) қолдау
(OLED48/55/65/77CX*)
- Қосу : 4K @ 50/60 Гц (4:4:4, 4:2:2, 4:2:0) қолдау,
4K @ 100/120 Гц (4:4:4, 4:2:2, 4:2:0)
- Сөндіру : 4K @ 50/60 Гц (4:2:0) қолдау
Егер құрылғы Кіріс портына қосылған болса, ол Ultra HD
Deep Colour параметріне де қолдау көрсетеді, бұдан
суретіңіз анығырақ болады. Дегенмен, егер құрылғы
бұған қолдау көрсетпесе, ол дұрыс істемеуі мүмкін.
Мұндай жағдайда, теледидардың [HDMI ULTRA HD
Deep Colour] параметрін өшірулі режиміне өзгертіңіз.
USB
Кейбір USB жадтары жұмыс істемейді. USB жады арқылы
жалғанған USB құрылғысы анықталмаса, оны теледидарға
тікелей USB порты арқылы жалғаңыз.
Сыртқы құрылғылар
Қолдануға болатын сыртқы құрылғылар: Blu-ray
ойнатқышы, HD қабылдағыштары, DVD ойнатқыштары,
бейнемагнитофондар, дыбыстық жүйелер, USB сақтау
құрылғылары, дербес компьютер, ойын құрылғылары
және басқа да сыртқы құрылғылар.
• Сыртқы құрылғыны жалғау түрі үлгіге қарай әртүрлі
болуы мүмкін.
• Теледидарға сыртқы құрылғыларды теледидар
портының ретіне қарамастан жалғаңыз.
• Егер теледидар бағдарламасын Blu-ray/
DVD рекордеріне немесе бейнемагнитофонға
жазсаңыз, теледидардың сигнал кіріс кабелін
теледидарға міндетті түрде DVD рекордері немесе
бейнемагнитофон арқылы жалғаңыз. Жазу туралы
қосымша ақпаратты жалғанған құрылғының
нұсқаулығынан қараңыз.
• Пайдалану туралы нұсқауларды сыртқы құрылғының
нұсқаулығынан қараңыз.
7

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents