Bosch CreationLine MUM59N26 Instruction Manual page 228

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
kk
Қолдану 
Ыдыс және құрал
W Айналмалы құралдан
жарақаттану қаупі
Қолдану барысында ыдысты ұстамаңыз. 
Тек жабылған қақпақпен (12) жұмыс 
істеңіз! 
Құралды / көмекші құралды жетек 
тоқтатылған күйінде болғанда ғана 
алмастырыңыз – жетек өшірілгеннен 
кейін біраз уақыт жұмыс істеп тұрады 
және құралды алмастыру күйінде тұрады. 
Айналмалы тұтқаны алдымен құралдың 
бос жүріс күйіне жылжытыңыз. 
Пайдаланбаған жетектерді қорғаныс 
қақпағымен жабыңыз.
Назар аударыңыз!
Ыдысты тек осы бұйыммен жұмыс істеген 
кезде ғана қолданыңыз.
Бұлғауыш (13)
қамырды бұлғауға арналған, 
мысалы, кекс қамыры
Қаққыш (14)
жұмыртқа ақуызын, кілегейді қағу 
және жеңіл қамырды бұлғауға 
арналған, мысалы, бисквит қамыры
Илегіш (15)
ауыр қамырды илеу және 
майдаланбайтын ингредиенттерді 
араластыруға арналған (мысалы, 
жүзім, шоколад жоңқасы)
Ыдыспен және құралмен жұмыс істеу
E суреті:
  ■ Босату түймесін басып, 
айналмалы тұтқаны 2 күйіне 
жылжытыңыз.
  ■ Ыдысты орнату: 
Алға қарай еңкейтілген ыдысты енгізіп 
тіреңіз, содан кейін сағат бағытына 
қарсы тірелгенше бұраңыз.
  ■ Өңдеу тапсырмасына байланысты 
бұлғауыш, қаққыш не илегішті жетекке 
тірелгенше енгізіңіз.
Нұсқау:
Илегіш жағдайында қамыр жапқышты 
илегіш енгізілгенше бұраңыз 
(E-4b суреті).
228 
  ■ Өңделетін ингредиенттерді ыдысқа 
салыңыз.
  ■ Босату түймесін басып, 
айналмалы тұтқаны 1 күйіне 
жылжытыңыз.
  ■ Қақпақты орнатыңыз.
  ■ Айналмалы ажыратқышты қалаулы 
қадамға қойыңыз.
Біздің ұсыныс:
  – Бұлғауыш: 
алдымен 1­қадамда араластырып (1), 
содан кейін 7­қадамды (4) таңдаңыз
  – Қаққыш: 
7­қадам (4), 1­қадамда 
араластырыңыз (1)
  – Илегіш: 
алдымен 1­қадамда араластырып (1), 
3­қадамда қағыңыз (2)
Ингредиенттермен толтыру
  ■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш 
арқылы өшіріңіз.
  ■ Ингредиенттерді қақпақтағы құйғыш 
арқылы толтырыңыз.
немесе
  ■ Қақпақты алып тастаңыз.
  ■ Босату түймесін басып, 
айналмалы тұтқаны 2 күйіне 
жылжытыңыз.
  ■ Ингредиенттерді толтырыңыз.
Жұмыстан кейін
  ■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш 
арқылы өшіріңіз.
  ■ Ашаны розеткадан шығарыңыз.
  ■ Қақпақты алып тастаңыз.
  ■ Босату түймесін басып, 
айналмалы тұтқаны 2 күйіне 
жылжытыңыз.
  ■ Құралды жетектен шығарыңыз.
  ■ Ыдысты алып тастаңыз.
  ■ Барлық бөлшектерді тазалаңыз, 
«Тазалау және күту» тарауын оқыңыз.
Асүйлік майдалағыш
W Жарақаттану қаупі бар
Майдалағыш дискінің өткір пышақтары 
мен жиектерін ұстамаңыз. 
Майдалағыш дискілерге тек бүйірінен қол 
тигізіңіз! 

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents