Ылғалдандырғыш; Қорап Ішіндегі Заттар; Іске Қосу; Ылғалдандыру Үшін Дайындау - Philips HU4811/90 User Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
2 Ылғалдандырғыш
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз!
Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану
үшін өнімді www.philips.com/welcome
торабында тіркеңіз.
Philips ылғалдандырғышы сіздің және
отбасыңыздың денсаулығы үшін таза,
ылғалдандырылған ауаны береді.
Ол NanoCloud технологиясы қолданылған
булануды бақылаудың үздік жүйесін
ұсынады. Құрылғыда құрғақ ауаға H2O
молекулаларын қосып, таза ылғал ауа түзетін
және суды буландырмайтын сүзгі орнатылған.
Ылғалдандыру сүзгісі бактериялар, кальций
және басқа да ұсақ бөлшектерді судан
сүзіп алады. Ол сіздің үйіңізге тек таза,
ылғалдандырылған ауа жеткізеді. Қысқы
маусымда немесе желдеткіштен келетін
құрғақ ауа енді болмайды.
Ылғалдандырғышты орнату және пайдалану
алдында осы пайдаланушы нұсқаулығын
мұқият оқып шығыңыз. Оны болашақта
анықтама алу үшін сақтаңыз.
Қорап ішіндегі заттар
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз
(сур. a):
A
Жоғарғы бөлік
B
Ылғалдандыру сүзгісі (FY2401)
C
Сүзгі ұстағышы
D
Қалқыма
E
Су ыдысы
F
Пайдаланушы нұсқаулығыъ
G
Кепілдік
3 Іске қосу
Ылғалдандыру үшін
дайындау
1
Жоғарғы бөлікті екі жағынан ұстап,
жоғары көтеріңіз (сур. b).
2
Жаңа ылғалдандыру сүзгісінің орауыш
материалын алып тастаңыз (сур. c).
Есте сақтаңыз
Ылғалдаудың ең қолайлы нәтижесін алу үшін,
қолдану алдында сүзгіні 30 минут бойы суда
жібітіңіз.
3
Ылғалдандыру сүзгісін сүзгі тірегіне
орнатыңыз (сур. d).
4
Сүзгіні және сүзгі тірегін су ыдысына
қайта қойыңыз (сур. e).
5
Су ыдысын ең жоғары су деңгей
белгісіне дейін салқын сумен
толтырыңыз (сур. f).
6
Жоғарғы бөлікті су ыдысына қайта
қойыңыз (сур. g).
KK
15

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hu48112000 series

Table of Contents