Sony CUH-7208B Safety Manual page 66

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Ылғал конденсациясы
Егер де жүйе суық жерден бірден жылы бөлмеге әкелінсе,
жүйе ішіндегі линзада немесе дискте ылғал жиналады.
Бұл жағдайда жүйе дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін. Дискті
шығарып, жүйені өшіріңіз және ашаны розеткадан
шығарыңыз. Ылғал буланып кеткенше, дискті кері салмаңыз
(бұл үрдіс бірнеше сағат алуы мүмкін). Егер жүйе әлі де
дұрыс жұмыс істемесе, кепілдік бөлімінен табуға болатын
тиісті PlayStation
пайдаланушыларға қызмет көрсету
®
орталығына хабарласыңыз.
Тазалау
Қауіпсіздік мақсатында, жүйені немесе қосулы қосымша
жабдықтарды тазалау алдында айнымалы ток сымын электр
розеткасынан ажыратыңыз.
Сыртқы жазықтықтар (жүйенің және сымсыз
басқару құралының пластикалық корпусы)
Өнімнің сыртқы бетін зақымдалудан немесе түсін жоғалтудан
сақтау үшін төменде көрсетілген нұсқаулықтарды
орындаңыз.
ˎ Құрғақ жұмсақ матамен сүртіңіз.
ˎ Инсектицидтер немесе басқа ұшпа заттарды
қолданбаңыз.
ˎ Өнімнің сыртқы бетіне ұзақ уақытқа резеңке немесе
винилден жасалған материалдарды қоймаңыз.
ˎ Еріткіштер және басқа химикаттарды пайдаланбаңыз.
Химиялық өңделген тазалаушы құралмен сүртпеңіз.
66
14659_75044_PS4_Pro_Gamma_Chassis_Safety_Guide_RUS_IND_KZ.indd 66
Желдету саңылаулары
Жүйенің желдету саңылауларында шаң жиналса, оны
қуаттылығы төмен шаңсорғышпен жойыңыз.
Порттар
Порттар немесе айнымалы ток сымы ластанған болса,
жүйені пайдаланбаңыз. Лас күйінде пайдаланылған болса,
жүйенің электр жабдығы бұзылуы мүмкін. Жұмсақ мата
көмегімен шаңды сүртіңіз.
Гарнитура
Егер дыбыс болмаса немесе гарнитурадан шығатын дыбыс
сапасы төмен болса, гарнитура штекері мен гарнитура
ашасының таза екендігін тексеріңіз. Егер таза болмаса,
оларды құрғақ, жұмсақ матамен сүртіңіз.
дисктер
Үйлесімділікке қатысты ескерту
Аймақтық немесе территориялық шектеулері бар кейбір
тасушыларды жүйе қолдамауы мүмкін. Толық ақпаратты
тасушы орамасынан қараңыз.
Пайдалану
Дисктегі бармақ таңбасы, шаң, лас немесе сызаттар
суреттердің бұлыңғырлануына және дауыс сапасының
нашарлауы мүмкін. Дисктерді күтіп ұстаңыз және пайдалану
алдында таза екеніне көз жеткізіңіз.
ˎ Дискпен қандай да бір әрекеттер орындағанда оның
бетіне тимей, шетінен ұстаңыз.
ˎ дискке қағаз немесе скотч жапсырмаңыз, оның үстіне
жазбаңыз.
30/07/2018 16:10

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ps4 pro

Table of Contents