Download Print this page

Stihl RM 448 VC Instruction Manual page 309

Hide thumbs Also See for RM 448 VC:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз және
сақтап қойыңыз.
Лақтырылатын бөгде заттар
бойынша қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және тиісті шараларды
орындаңыз.
Айналып тұрған пышаққа дене
мүшелеріңізді тигізбеңіз.
Оталдыру білтесі сымының штекерін
тасымалдау, сақтау, техникалық
қызмет көрсету немесе жөндеу
кезінде суырып алыңыз.
Қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз.
4.2
Мақсаты бойынша пайдалану
STIHL RM 448 VC көгалшапқышы көгал шөбін
шабуға арналған.
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш мақсатына сәйкес
пайдаланылмаған жағдайда, адамдар ауыр
немесе қазалы жарақат алуы және
материалдық зиян келтірілуі мүмкін.
► Көгалшапқышты осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулыққа және
қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығына сәйкес пайдаланыңыз.
4.3
Пайдаланушыға қойылатын
талаптар
Сақтандыру
■ Біліксіз пайдаланушылар көгалшапқыш
тәуекелдерін анықтай алмауы және бағалай
алмауы мүмкін. Пайдаланушы немесе
басқа адамдар ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
► Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз
және сақтап қойыңыз.
► Көгалшапқышты басқа адамға
табыстаған жағдайда: көгалшапқыштың
және қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығын бірге беріңіз.
► Пайдаланушы мына талаптарды
орындайтындығына көз жеткізіңіз:
– Пайдаланушының тиісті жабдығы
бар.
0478-111-9904-A
– Пайдаланушының дене, сезім және
ақыл-ой қалпы көгалшапқышты
басқаруға және жұмыс істеуге
жеткілікті. Егер пайдаланушының
дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі болса, ол құрылғымен тек
бақылау астында немесе жауапты
тұлғаның нұсқаулары бойынша ғана
жұмыс істей алады.
– Пайдаланушы көгалшапқыш
тәуекелдерін анықтай алады және
бағалай алады.
– Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
мен залал үшін жауапты екендігін
біледі.
– Пайдаланушы кәмелетке толған
немесе ұлттық ережелерге сәйкес
кәсібі бойынша қадағалауда
оқытылған.
– Пайдаланушы көгалшапқышты алғаш
рет пайдаланбас бұрын STIHL
делдалынан немесе білікті тұлғадан
нұсқау алған.
– Пайдаланушының жұмысына ішімдік,
дәрі-дәрмек немесе есірткі әсері
кедергі келтірмейді.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда:
STIHL делдалына жолығыңыз.
4.4
Киім және жабдық
Сақтандыру
■ Жұмыс барысында бөгде заттар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған ұзын
шалбар киіп жүріңіз.
■ Жұмыс барысында шуыл туындайды. Шуыл
есту қабілетіне зиян келтіруі мүмкін.
► Құлақ қорғайтын жабдықты тағып жүріңіз.
■ Жұмыс барысында шаң пайда болуы
мүмкін. Жұтылған шаң денсаулыққа зиян
келтіруі және аллергиялық реакцияларды
тудыруы мүмкін.
► Шаң көтерілген жағдайда: шаңнан
қорғайтын масканы киіңіз.
■ Жарамсыз киім ағашта, шағын қопада және
көгалшапқышта ұсталып қалуы мүмкін.
Жарамды киімі жоқ пайдаланушылар ауыр
жарақат алуы мүмкін.
► Денеге жанасатын киім киіп жүріңіз.
► Салы мен әшекейлерді шешіп алыңыз.
■ Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе тасымалдау барысында
пайдаланушы пышақпен жанасуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
қазақ
309

Advertisement

loading