Download Print this page

Әр Бөлшек Бойынша Пайдалану Нұсқаулары - Panasonic NI-GT500 Operating Instructions Manual

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
 Температура реттегіші (тек NI-GT200 үшін)
Ең үлкен бу
деңгейінің
қалпы
Бумен үтіктеу
аймағы
Құрғақ
үтіктеу
аймағы
Әр бөлшек бойынша пайдалану
нұсқаулары
Су сауытына су құярдан бұрын қуат ашасын розеткадан
міндетті түрде суырып қойыңыз. Бұйымды пайдалану
барысында су сауытын шығарып алуға болмайды.
• Су келетін саңылау
Су сауытының тұтқасынан ұстап, су сауытының
ысырмасын жоғары қарай басыңыз, су сауытын
шығарыңыз да, су келетін саңылауға су құйыңыз.
Су сауытындағы "MAX" су деңгейі белгісінен асырып
жібермегеніңізге көз жеткізіңіз. Содан кейін сауытын қуат
тұғырына дұрыс орнатыңыз. Нұқу дыбысы естілгенге дейін
басыңыз.
164
NI-GT500 series-08 KAZ.indd 8
• Деңгейді реттеу түймесі (тек NI-GT500 үшін)
Киім-кешектің материалдарына сәйкес деңгейді орнату
үшін түймені басыңыз ("Мата мен үтіктеу бойынша
ұсыныстамалар" бөлімін қараңыз).
• Температура реттегіші (тек NI-GT200 үшін)
Киім-кешектің материалдарына сәйкес тиісті
температураны таңдаңыз ("Мата мен үтіктеу бойынша
ұсыныстамалар" бөлімін қараңыз).
• Қуат түймесі
Қуат түймесін басыңыз. Бұйым жұмыс істей бастайды. Осы
кезде қуат индикаторы қызыл түспен жанады.
Бұйымды тоқтан ажырату үшін қуат түймесін
шамамен үш секундтай басу арқылы электр тоғынан
ажыратыңыз.
• Буды қосу түймесі
Осы бұйымдағы қарқынды бу деңгейі мен үнемді бу
деңгейін бу қосу түймесі арқылы кезек ауыстыруға болады.
Киім-кешектің қалыңдығына сәйкес тиісті бу деңгейін
таңдаңыз.
Үнемді бу деңгейі: аз ғана буды қажет ететін жеңіл
киім-кешекке жарайды.
Қарқынды бу деңгейі: көп буды қажет ететін ауыр
киім-кешекке жарайды.
Бұйым әдепкі бойынша үнемді бу деңгейінде жұмыс істей
бастайды. Қалаған деңгейге ауысу үшін буды қосу түймесін
басыңыз. Қуат тұғыры қыза бастағаннан толық қызғанға
дейін үнемді бу деңгейінің индикаторы немесе қарқынды
бу деңгейінің индикаторы жыпылықтай бастап, тұрақты
түрде жануы үшін шамамен 3 минут кетеді.
• Деңгей индикаторы (тек NI-GT500 үшін)
Үтік қыза бастаған кезде, деңгей индикаторы жыпылықтай
бастайды. Үтік толық қызғаннан кейін деңгей индикаторы
үздіксіз жанады. Үтіктеу барысында деңгей индикаторы
әрдайым жанып тұрады. Жылдам күтім индикаторы қызыл
түспен жанады да, оңтайлы күтім индикаторы көк түспен
жанады.
• Термостат индикаторы (тек NI-GT200 үшін)
Температура реттегіші " Acrylic " деңгейінен жоғары
орнатылғанда, термостат индикаторы үтік қыза бастағанда
іске қосылады да, үтік толық қызғаннан кейін сөнеді.
Үтіктеу барысында термостат индикаторы үтіктің қызып
тұрғанын көрсетіп, жанып-сөніп тұрады.
• Су жеткіліксіздігі индикаторы
Су сауытындағы судың деңгейі "MIN" су деңгейі белгісінен
төмен түскенде, су жеткіліксіздігі индикаторы жанады да,
су сауытында судың жеткіліксіз екенін еске салатын екі
бипіл естіледі. Мұндай жағдайда үтікті тоқтан ағытыңыз
да, су сауытын алып шығып, су келетін саңылау арқылы
су сауытына су құйыңыз да, су сауытын корпусқа қайта
орнатыңыз. Сонда су жеткіліксіздігі индикаторы сөнеді де,
бұйым қайтадан дұрыс жұмыс істей бастайды.
• Қақты тежеу қорапшасы (тек NI-GT500 үшін)
Қаққа қарсы озық технология.
∙ Су сауытына су құйылғаннан кейін қақты тежеу
қорапшасындағы қақ тежегіш суға баяу еріп, қақтың
жиналуына жол бермейді және буды тұрақтандырады.
Қаққа қарсы құралдың қызмет мерзімі – шамамен бес
жыл.
∙ Пайдалану жағдайлары: Егер кермектігі 250 мкг/г су
пайдаланылса және құрылғы орташа алғанда аптасына
екі-үш рет пайдаланылатын болса (әр кез шамамен 20
минут).
∙ Әр пайдаланғаннан кейін қақ тежегіш барынша орнықты
болуы үшін су сауытында қалған суды төгіп тастаңыз.
∙ Қақты тежеу қорапшасын алып тастамаңыз.
∙ Тежегіш қорапшаны ауыстыру үшін бұйымды уәкілетті
қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.
• Қақ кетіру индикаторы
∙ Бұйымнан бу жиынтығында 100 минут бойы шыққан кезде
(тек NI-GT200 үшін)
∙ Бұйым жиынтығында 3 100 минут бойы пайдаланылған
кезде (тек NI-GT500 үшін)
Қақ кетіру индикаторы жанып, бұйымда жиналған қақ пен
басқа да шөгіндіні тазалайтын уақыт келгенін көрсетеді.
"Тазалау" тарауындағы "Қақ кетіру" бойынша нұсқауларға
сәйкес әрекет етіңіз.
Қақты кетіргеннен кейін бұйымды қайтадан іске қосыңыз
да, ысыру түймесін басыңыз.
Сонда қақ кетіру индикаторы сөнеді де, бұйым қайтадан
дұрыс жұмыс істей бастайды.
• Сымға арналған ойық
Бұйым пайдаланылмаған кезде, сымды құбыршек пен қуат
сымын кабель науашасында сақтауға болады.
2021/8/20 14:43:25
165

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Ni-gt200Ni-gt500nsk