Makita MR004G Instruction Manual page 101

Job site radio
Hide thumbs Also See for MR004G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Bluetooth құрылғысын алғаш рет
сәйкестіру
1. Радионы қосу үшін қосу түймесін басыңыз.
Радионың Bluetooth режимін таңдау үшін
Диапазонды таңдау түймесін басыңыз. Алдын
ала баптау түймесіндегі Bluetooth индикаторы
көк түспен жыпылықтап, радио сигналын табуға
болатынын көрсетеді.
2. Құрылғының пайдалану нұсқаулығына сәйкес
радиоға қосылу үшін құрылғыңызда Bluetooth
қосыңыз. Bluetooth құрылғысының тізімін
ашып «MR004G» атты құрылғыны таңдаңыз
(Bluetooth BT2.1 нұсқасынан бұрынғы мобильді
құрылғыларда «0000» құпия кодын енгізу қажет).
3. Қосылғаннан кейін растайтын дыбыс шығады
және Алдын ала баптау түймелеріндегі Bluetooth
индикаторы үздіксіз көк болып жанады. Өзіңіздің
құрылғыңыздан музыканы таңдап қосуыңызға
болады. Дыбыс деңгейін бастапқы құрылғыдан
немесе радиодан реттеуге болады.
4. Ойналған тректерді қосу/тоқтау және іздеуді
Bluetooth қосылған құрылғыдан немесе радиодан
басқаруға болады.
Ескерту:
● Егер 2 Bluetooth құрылғысы алғаш рет
сәйкестіріліп, екеуі де радионы іздесе, екеуінде де
радиоға қосу мүмкіндігі көрінеді. Алайда егер бір
құрылғы радиомен бірінші болып қосылса, басқа
Bluetooth құрылғысы оны таба алмайды.
● Егер Bluetooth құрылғыңыз уақытша радиодан
ажыраса, оның қайтадан қолмен қосу керек.
● Егер Bluetooth құрылғыңызда « MR004G » көрініп,
құрылғыңыз оған қосыла алмаса, радионы тізімнен
жойып, жоғарыда берілген нұсқау бойынша қайта
сәйкестіріңіз.
● Bluetooth таратудың оңтайлы қашықтығы радиодан
шамамен 10 метр (33 фут) (ашық жерде), бірақ 30
метр (100 фут) қашықтыққа да жетуі мүмкін.
● Егер Bluetooth байланысы оңтайлы қашықтықтан
алыс кету, кедергілер, т.б. себептермен ажырау
уақыты асқандықтан жоғалып кетсе, құрылғыны
радиоға қайта қосу қажет болуы мүмкін.
● Заттай кедергілер, басқа сымсыз құралдар
немесе электромагнитті құрылғылар да байланыс
сапасына әсер етуі мүмкін.
● Bluetooth байланысу көрсеткіші қосылған
Bluetooth құрылғысына қатысты әртүрлі болуы
мүмкін. Радиоға қосылмас бұрын құрылғыңыздың
Bluetooth мүмкіндіктерін қараңыз. Кейбір Bluetooth
құрылғыларында барлық қажетті сипаттамалар
болмауы мүмкін.
Bluetooth режимінде аудио
файлдарды қосу
Радионы таңдалған Bluetooth құрылғысымен
ойдағыдай қосқаннан кейін музыканы қосылған
Bluetooth құрылғысы арқылы басқарып қоса аласыз.
1. Музыка ойнауы басталғанда радиодағы немесе
құрылғыңыздағы дыбыс деңгейінің тетікшесі
арқылы дыбыс деңгейін баптаңыз.
2. Ойналған тректерді қосу/тоқтау және іздеуді
Bluetooth қосылған құрылғыдан басқаруға болады.
Немесе радиодағы тректерді қосу/тоқтау келесі,
алдыңғы трекке өту түймесі арқылы қайта
ойнатуды басқаруға болады.
3. Тректерден өту үшін келесі трек немесе алдыңғы
трек түймелерін басып ұстап тұрыңыз. Қажетті
трекке жеткенде түймені жіберіңіз.
Ескерту:
● Кейбір ойнату жүйесінің қолданбалары немесе
құрылғылары бұл жолмен басқарылмауы мүмкін.
● Кейбір мобильді телефондар қоңырау соққанда
немесе қабылдағанда уақытша ажырауы мүмкін.
Кейбір құрылғыларда мәтіндік хабарламалар,
электронды хаттар келгенде немесе басқа да
аудио таратуға қатысы жоқ себептермен Bluetooth
аудио таратылуының дыбысын уақытша өшіруі
мүмкін. Бұл қосылған құрылғының функциясы
болып табылады және радионың ақауы емес.
Бұрын сәйкестірілген Bluetooth
құрылғысын ойнату
Егер Bluetooth құрылғысы радиомен бұрын
сәйкестірілген болса, радио Bluetooth құрылғысын
жадында сақтап қалады да соңғы рет қосылған
жадындағы құрылғыға қосылуға тырысады. Егер
соңғы қосылған құрылғы жоқ болса радионы табуға
болады.
Bluetooth құрылғысын ажырату
Bluetooth құрылғысын ажырату үшін Bluetooth-
пен жұптастыру түймесін басып, 2-3 секунд ұстап
тұрыңыз. Алдын ала баптау түймесіндегі Bluetooth
индикаторы көк түспен жыпылықтап, радио сигналын
жұптастыру үшін қайта табуға болатынын көрсетеді.
Сондай-ақ байланысты ажырату үшін Диапазонды
таңдау түймесін басып, Bluetooth режимінен басқа
режимді таңдауға болады.
ҚОСЫМША КІРУ ҰЯШЫҒЫ
Радионың алдыңғы жағында 3,5мм қосымша кіру
ұяшығы бар, ол арқылы MP3 немесе CD ойнатқышы
сияқты сыртқы аудио құрылғылардан аудио сигналды
қосуға болады.
101 Қазақ тілінде

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents