Bosch PSB 18 LI-2 Ergonomic Original Instructions Manual page 133

Hide thumbs Also See for PSB 18 LI-2 Ergonomic:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
Толық автоматты шпиндель бекіту (Auto-Lock)
Ажыратқыш (5) басылмаған кезде, бұрғылау шпинделі
мен құрал бекіткіші бұғатталады.
Бұл аккумулятор (9) заряды таусылғанда да
бұрандаларды бұрап кіргізуге немесе электр құралын
бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Жүріс тежегіші
Қосқышты/өшіргішті (5) жібергенде, бұрғылау патроны
тежеледі және осылай жұмыс құралының жүрісі
тоқтатылады.
Шуруптарды бұрап бекіткенде қосқышты/өшіргішті (5)
шуруп дайындамаға біртегіс бұрап бекітілгенде ғана
жіберіңіз. Бұл жағдайда шуруптың басы дайындамаға
тартылмайды.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы
артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе
аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып
кетсе, электроника электр құралын тиісті температура
аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
u
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Егер электр құралының электростатикалық заряды
таусылса, орнатылған электроника электр құралын
өшіреді. Электр құралын қайта іске қосу үшін
ажыратқышты (5) қайтадан басыңыз.
Белгілі бір шарттарда қатты электромагниттік өрістер
электр құралына әсер етіп, оны тоқтатуы мүмкін. Өшірген
соң электр құралын қайта іске қосу үшін ажыратқышты
(5) қайтадан басыңыз.
Кеңестер
Эргономикалық пішіндегі тұтқа электр құралын
динамикалық және шаршатпайтын түрде пайдалануға
мүмкіндік береді (D суретін қараңыз).
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы
тиісті сапаға кепілдік береді.
Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту
алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі
ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті
алдын ала бұрғылау керек.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Bosch Power Tools
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Қазақ | 133
1 609 92A 6DE | (16.06.2021)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents