All manuals and user guides at all-guides.com
•
Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт қолданылмаған
батареяны зарядтаңыз.
•
Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну
бөлмесі сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
•
Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз: жұмысына кері
әсер беруі мүмкін.
•
Батарея дұрыс түрімен алмастырылмаса, жарылыс қаупін
тудырады. Қолданылған батареяларды нұсқаулар бойынша
жойыңыз.
•
Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics компаниясының ең
жақын қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне апарып, көмек
алуға болады.
•
Құрылғы толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат тұтынуын
болдырмау үшін зарядтағышты қабырға розеткасынан ажыратыңыз.
•
Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім
параметрлеріне, пайдалану тәсілдеріне, батареяға және қоршаған
ортаға байланысты болады.
•
Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы заттардың
батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы мүмкін.
SIM карталарын пайдалану кезіндегі
сақтық шаралар
•
SIM картасын жапсырмасы немесе мөрі бар құрылғыға салмаңыз.
Бұл зақым келтіруі мүмкін.
•
Құрылғыны пайдалану кезінде SIM картасын алмаңыз. Ол SIM
картасына немесе жүйеге зақым келтіруі мүмкін.
•
SIM картасының сызылмағанын, майыспағанын немесе магнитпен
зақымдалмағанын тексеріңіз. Ол SIM картасына сақталған
файлдарды өшіруі немесе құрылғы ақаулықтарына себеп болуы
мүмкін.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
12