LG -M400DY User Manual page 325

Hide thumbs Also See for LG-M400DY:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 658
All manuals and user guides at all-guides.com
Осы пайдаланушы
нұсқаулығы туралы
Осы LG өнімін таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Қауіпсіз және
дұрыс қолдану үшін құрылғыны алғаш пайдалану алдында осы
пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқыңыз.
Әрдайым тек түпнұсқа LG қосалқы құралдарын пайдаланыңыз.
Қамтамасыз етілген элементтер тек осы құрылғыға арналған
және басқа құрылғылармен үйлеспеуі мүмкін.
Бұл құрылғы сенсорлы пернетақтасының болуына байланысты
көру қабілеті нашар адамдарға арналмаған.
Сипаттамалар құрылғының әдепкі бойынша орнатылған
параметрлеріне негізделген.
Құрылғыдағы әдепкі қолданбалар жаңартылуы мүмкін
және бұл қолданбаларға қолдау көрсету үдерісі ескертусіз
тоқтатылуы мүмкін. Егер құрылғымен бірге берілген қолданба
туралы сұрақтарыңыз болса, LG қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Пайдаланушы орнатқан қолданбалар үшін тиісті
байланыс операторымен хабарласыңыз.
Құрылғының операциялық жүйесіне өзгерту енгізу немесе
бейресми көздерден бағдарламалық құралды орнату
құрылғыны зақымдауы және деректердің бүлінуіне немесе
жоғалуына әкелуі мүмкін. Мұндай әрекеттер LG лицензиялық
келісімшартын бұзады және кепілдік күшін жояды.
Аймақ, байланыс операторына, бағдарламалық құрал
нұсқасына немесе ОЖ нұсқасына байланысты кейбір мазмұн
мен суреттер құрылғыдан өзгеше болуы және алдын ала
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Құрылғымен қамтамасыз етілген бағдарламалық жасақтама,
дыбыс, тұсқағаз, кескіндер мен басқа да мультимедиа
шектеулі мақсатта пайдалану үшін лицензияланған. Осы
материалдарды коммерциялық немесе басқа да мақсаттарды
шығарып, пайдалансаңыз авторлық құқықты қорғау заңдарын
бұзуыңыз мүмкін. Пайдаланушы ретінде мультимедианы заңсыз
пайдалануға қатысты жауапқа тартыласыз.
ҚАЗАҚША
1

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents