All manuals and user guides at all-guides.com
Өнімге күтім және техникалық қызмет
көрсету
•
Әрдайым осы құрылғы үлгісі үшін түпнұсқалы LG батареяларын,
зарядтағышын және қосымша құралдарын пайдаланыңыз. Кез
келген басқа түрлерін пайдалану құрылғыға қатысты мақұлдауды
немесе кепілдікті жарамсыз етуі және қауіпті болуы мүмкін.
•
Кейбір мазмұндар мен суреттер құрылғыдан алдын ала ескертусіз
басқаша болуы мүмкін.
•
Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет
болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
•
Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының ұйғаруымен
бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен
ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің функциясы
ауыстырылатын бөлшекпен бірдей болу керек.
•
Теледидар, радио және компьютер сияқты электр жабдықтарынан
алшақ жерде ұстаңыз.
•
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу көздерінен
аулақ жерде сақтау керек.
•
Түсіріп алмаңыз.
•
Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
•
Арнайы ережелер арқылы талап етілген жерлерде құрылғыны
өшіріңіз. Мысалы, құрылғыны емханаларда пайдаланбаңыз, себебі
ол медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
•
Зарядталып жатқанда құрылғыны ылғал қолмен ұстауға болмайды.
Ол ток соғуды тудырып, құрылғыны қатты зақымдауы мүмкін.
•
Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, өйткені
гарнитура қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
•
Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш
немесе спирт қолданбаңыз).
•
Құрылғыны жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
•
Құрылғыны жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
7