LG LM-X410NOW User Manual page 294

Hide thumbs Also See for LM-X410NOW:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 658
Ылғал жерде сыртқы клемманы, зарядтау кабелін немесе
құрылғының жалғағышын пайдаланбаңыз Бұл өртке, ток соғуға,
жарақат алуға немесе құрылғының істен шығуына әкелуі мүмкін.
Ылғал болса, құрылғыны пайдалануды дереу тоқтатып, ылғалды
толықтай кетіріңіз.
Құрылғыңызбен бірге қамтамасыз етілген USB кабелін пайдаланыңыз.
LG тарапынан ұсынылған зарядтау құрылғысын және зарядтау
кабелін пайдаланыңыз. Батареяны үшінші жақ зарядтау
құрылғысымен зарядтаған жағдайда батарея жарылуы немесе
құрылғыны зақымдалуы мүмкін.
Осы құрылғының алынбайтын батареясы бар. Артқы қақпақты
алып тастауға әрекеттенбеңіз.
Құрылғыны зарядталып жатқанда пайдалану электр тогының
соғуына әкелуі мүмкін. Құрылғыны пайдаланғанда, зарядтамаңыз.
Құрылғы толығымен зарядталғаннан кейін зарядтау құрылғысын
қуат розеткасынан ажыратыңыз. Бұл қуаттың қажетсіз
жұмсалуының алдын алады.
Батареяны зарядтаудың тағы бір жолы - құрылғы мен жұмыс үстелі
не ноутбук арасында USB кабелін жалғау. Бұл адаптерді розеткаға
қосқаннан ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.
Батареяны қалыпты кернеуді сақтап тұра алмайтын USB
концентраторын пайдалану арқылы зарядтамаңыз. Зарядталмауы
немесе кенеттен тоқтап қалуы мүмкін.
Құрылғыны пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Бірге берілген USB кабелін пайдаланыңыз; құрылғыңызбен
үшінші тарап USB кабелін немесе зарядтағыш құрылғыларын
пайдаланбаңыз. LG шектеулі кепілдігі үшінші тарап керек-жарақтарын
пайдалануды қамтымайды.
Осы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындамау және мақсатынан тыс
пайдалану салдарынан құрылғыға зақым тиюі мүмкін.
Негізгі функциялар
33

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents