Тағам Өнімдерін Ұсақтауға Арналған Пышақ / Шағын Уатқыш - TZS First AUSTRIA FA-5114-5 Instruction Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 2
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымның заттаңбада көрсетілген техникалық
сипаттамалары электр желісінің параметрлеріне сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес тек тұрмыстық мақсатта ғана пайдалану
керек. Аспап өнеркəсіптік мақсатта қолдануға арналмаған.
Үй-жайлардан тыс жерде пайдалануға болмайды.
Егер құрылғыны пайдаланбайтын болсаңыз, оны тазалар алдында электр желісінен
əрқашан ажыратып қойыңыз.
Электр тогы соғуынан жəне от шығуынан аулақ болу үшін аспапты суға немесе басқа
сұйық заттарға матырмаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану
үшін тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі
үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау
бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Токқа қосылған аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
Қуат көзіне қосу сымына зақым келген аспапты пайдаланбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге əрекет жасамаңыз. Ақаулықтар пайда болған
жағдайда Сервис орталығына хабарласыңыз.
Қуат көзіне қосу сымы өткір жиектер мен ыстық заттарға тиіп тұрмауын қадағалаңыз.
Қуат көзіне қосу сымын тартқыламаңыз, ширатпаңыз жəне ешқандай затқа оны
орамаңыз.
Қуат көзіне қосу сымын тартқыламаңыз, ширатпаңыз жəне ешқандай затқа оны
орамаңыз.
ЕСКЕРТУ:Саптамаларды қосудан өшіру батырмасын басып, саптаманы шешіңіз.
ЕСКЕРТУ: Аспапты асыра толтыруға немесе азық-түліксіз пайдалануға тыйым
салынады. Үздіксіз жұмыс істеуге рұқсат етілген уақыттан асырып жібермеңіз.
Процессорды ыстық азық-түлік салмаңыз (> 70ºC).
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында
оны кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
əсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
• ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Алғаш рет пайдаланар алдында алмалы-салмалы бөлшектерінің барлығын жуғыш
зат қосылған жылы сумен жуыңыз да, əбден құрғатыңыз. Қаптамасының сыртын сəл
дымқыл əрі жұмсақ матамен сүртіңіз.
Қаптамасын кез келген сұйық затқа матыруға жəне оны сумен жууға тыйым салынады.
Процессорды біртегіс, орнықты жерге орнатыңыз.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ түрлерінің көпшілігін, кептірілген
жеміс-жидекті ұсақтау үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сəбіз сияқты ірі өнімдерді
алдын ала турап алу керек. Жаңғақтың қабығын аршу керек, етті сүйегі мен сіңірінен
ажыратып алу керек.
Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дəндері, мускат жаңғағы, дəнді дақылдар сияқты аса
қатты азық өнімдерін ұсақтауға жарамайды.
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен
ғана ұстаңыз!
Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы істігіне орнатыңыз.
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
Шараны шара жетегімен жабыңыз.
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне бекігенше кіргізіңіз.
24
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш бөлікті, екінші қолыңызбен ұсақтауға
арналған қондырманың шарасын ұста
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш бөлікті ажыратыңыз.
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып алыңыз.
Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін ұсақтауға арналған шарадан басқа
ыдысқа салып алыңыз.
ЖҰМЫС
Жинақтауды толық əрі тиісті түрде іске асырғаныңызға көз жеткізіңіз.
Процессорды электр желісіне қосыңыз.
Импульстік режимнің батырмасын басыңыз да, ұстап тұрыңыз – процессор осы
батырма басулы тұрғанша жұмыс істейтін болады.
ЕСКЕРТУ: аспаптың асқын қызып кетуіне жол бермеу үшін үздіксіз жұмыс уақыты 3
минуттан аспауға тиіс. Содан кейін аспап сууы үшін жұмыста біраз уақыт үзіліс жасау
керек.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, азық-түлік пен қондырмаларды алып шықпас бұрын
аспапты электр желісінен ажыратыңыз да, электр қозғалтқыш толық тоқтағанша күте
тұрыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Жұмысты аяқтағаннан кейін аспапты өшіріңіз де, оны электр желісінен ажыратыңыз.
Дереу (ұзақ уақыт суламастан) барлық алмалы-салмалы бөлшектерді сабынды жылы
сумен жуыңыз да, құрғақ таза сүлгімен сүртіңіз.
Қаптаманы жұмсақ дымқыл матамен сүртіңіз.
Қатқыл жөке, қырғыш жəне күшті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.
САҚТАУ
Сақтап қояр алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ КҮТІП ҰСТАУ бөліміндегі талаптарды орындаңыз.
Аспапты құрғақ таза жерде сақтаңыз.
25

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents