Makita BO5040 Instruction Manual page 20

Random orbit sander
Hide thumbs Also See for BO5040:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың жұмысын реттемей және
тексермей тұрып, оның өшірулі екеніне
және токтан ажыратылғанына әрдайым көз
жеткізіңіз.
Ауыстырып-қосқыш әрекеті
► Сурет1: 1. Құлыптау түймесі 2. Ауыстырып-
қосқыш шүріппесі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды қоспас бұрын, әрдайым ауыстырып-
қосқыш шүріппесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына
және босатылған кезде "ӨШІРУЛІ" күйіне
қайтарылатынына әрқашан көз жеткізіп тұрыңыз.
Ұзақ пайдалану кезінде оператордың
ыңғайлылығы үшін ауыстырып-қосқыш
"ҚОСУЛЫ" күйінде құлыптала алады. Құралдың
"ҚОСУЛЫ" күйінде құлыпталуы кезінде сақтық
танытыңыз және құралдан қатты ұстаңыз.
Құралды іске қосу үшін, ауыстырып-қосқыш
шүріппесін жай тартыңыз. Тоқтату үшін ауыстырып-
қосқыш шүріппесін жіберіңіз.
Үздіксіз жұмыс істеу үшін ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартып, құлыптау түймесін басыңыз да,
ауыстырып-қосқыш шүріппесін жіберіңіз.
Құралды құлыптаулы күйден шығару үшін ауыстырып-
қосқышты толығымен тартыңыз да, жіберіңіз.
Жылдамдық реттегіш дөңгелек
BO5041 үлгілері үшін
► Сурет2: 1. Жылдамдық реттегіш дөңгелек
Құралдың жылдамдығын минутына 4 000 және 12 000
айналым ауқымында реттегіш дөңгелекті бұрау
арқылы реттеуге болады. Жылдамдық дөңгелек
бағыты 5 санына бұрылған кезде жоғарылайды, ал 1
санына бұрылған кезде төмендейді.
Реттегіш дөңгелектің нөмір параметрлері мен жұмыс
түрінің байланысын төмендегі суреттен қараңыз.
А ауқымы: жылтырату үшін
В ауқымы: ажарлауды аяқтау үшін
С ауқымы: стандартты ажарлау үшін
12,000
4,000
A
1
2
Д
C
B
3
4
5
а а
20 ҚАЗАҚША
ЕСКЕРТПЕ:
Суретте стандартты қолданыс түрлері
көрсетілген. Олар кейбір жағдайларда өзгеруі
мүмкін.
ҚҰРАСТЫРУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралмен жұмыс істемес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Алдыңғы тұтқаны пайдалану
жолы
► Сурет3
Алдыңғы тұтқаны босатып, қажетті жұмыс күйіне
көлденеңінен жылжытуға болады. Алдыңғы тұтқа
қажетті күйде болғанда, оны қолданар алдында
қайта бекітіңіз.
Алдыңғы тұтқаны орнату немесе
шешіп алу
► Сурет4: 1. Бұранда 2. Алдыңғы тұтқа
Тұтқыш табанын ашып, оны Makita логотипі
аймағындағы ажарлағышқа бекітіңіз.
► Сурет5: 1. Тұтқыш табаны 2. Makita логотипі
Тұтқыш табанын жапқаннан кейін, алдыңғы тұтқаны
тұтқыш табанының бұрандалы бөлігіне мықтап
бекітіңіз.
► Сурет6
Шешіп алу үшін, тұтқаны босатып, алып тастаңыз,
содан кейін алдыңғы тұтқаны алыңыз.
Ысқыш дискіні орнату немесе
алып тастау
► Сурет7
Ысқыш дискіні орнатпас бұрын төсемді кірден
немесе бөгде заттардан тазалаңыз. Содан кейін
ысқыш дискіден төсеніш қағазды алыңыз да,
ысқыш дискіні төсемге бекітіңіз. Ысқыш дискідегі
саңылауларды төсемдегі саңылаулармен мұқият
туралаңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Егер ысқыш дискіні төсемнен алып
тастасаңыз, оның тіркесуі нашар болады.
Оны одан әрі пайдалану үшін ешқашан
төсемге жабыстыруға тырыспаңыз.
Шаң қапшығын орнату
► Сурет8: 1. Шаң қапшығы
Шаң қапшығындағы Makita логотипі тік болатындай
(төңкерілмеген), шаң қапшығын құралға орнатыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Bo5041

Table of Contents