Bosch PTD 1 Original Instructions Manual page 121

Thermo detector
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте
жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау
ұсынылады
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді
жұмыс істеу үшін барлық
нұсқаулықтарды оқып орындау керек.
Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай
пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген
қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу
құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН
БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ.
Абай болыңыз – егер осы жерде берілген
u
пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа
құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері
орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі
мүмкін.
Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге
u
жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының
суретінде белгіленген).
Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің
u
тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес
бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі
жапсырманы жабыстырыңыз.
Лазер сәулесін адамдарға немесе
жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз
де тікелей немесе шағылысқан лазер
сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың
көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға
әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып
u
басты сәуледен ары қарату керек.
Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту
u
орындамаңыз.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
u
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
u
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
Bosch Power Tools
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
қабілетін азайтады.
Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы
u
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз
u
пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың
немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы
мүмкін.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң
u
жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу
құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын
шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралы технологияға байланысты жүз
u
пайыздық қауіпсіздікке кепілдік бермейді.
Қоршаған орта әсерлері (мысалы, өлшеу аймағындағы
шаң немесе бу), температура (мысалы, жылу
желдеткіш арқылы) және өлшеу беттерінің сипаты мен
күйі (мысалы, қатты шағылысатын немесе мөлдір
материалдар) өлшеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Мақсаты бойынша қолдану
Өлшеу құралы беткі температураны, қоршаған орта
температурасын және салыстырмалы ауа ылғалдылығын
түйіспей өлшеуге арналған. Ол еру нүктесінің
температурасын есептеп, жылылық көпірін және зең басу
қаупін білдіреді. Өлшеу құралымен зең спораларын
анықтау мүмкін емес.
Өлшеу құралын адамдар мен жануарлардың
температурасын өлшеу үшін немесе басқа медициналық
мақсаттарда пайдалануға болмайды.
Өлшеу құралы газдардың немесе сұйықтықтардың беткі
температурасын өлшеуге арналмаған.
Өлшеу құралы өнеркәсіптік мақсатпен пайдалануға
арналмаған.
Өлшеу құралы ішкі аймақтарда пайдалануға арналмаған.
Көрсетілген компоненттер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі
өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
(1) Ауа ылғалдылығы мен температура датчигі
(2) Инфрақызыл сәулелердің қабылдағыш линзасы
(3) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы
(4) Өлшеу түймесі
(5) Батарея бөлімінің қақпағы
(6) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші
(7) Лазер ескерту тақтасы
(8) Сигналдық шам
Қазақ | 121
1 609 92A 4NX | (20.04.2021)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

3 603 f83 000

Table of Contents