Philips Wake-up Light Manual page 20

Hide thumbs Also See for Wake-up Light:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Қазақша
20
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Philips Wake-up Light шамы жағымдырақ оянуға көмектеседі. Орнатылған күннің шығуына ұқсату
уақытында шамның жарық қарқындылығы орнатылған деңгейге дейін біртіндеп артады және тек
кейбір түрлерде жарық түсі терең таңғы қызыл түстен ашық күндізгі жарыққа өзгереді. Жарық
ағзаңызды орнатылған уақытта оятуға дайындайды. Жақсы ояну үшін табиғи ояту дыбыстарын
немесе FM радиосын* пайдалана аласыз.
* HF3532 нұсқасында радио жоқ.
Мақсатты пайдалану
Philips Wake-up Light шамы сізді біртіндеп артатын жарықпен оятуға арналған.
Бұл жалпы жарықтандыру өнімі емес.
Wake-up Light жарық оятқышының әсерлері
Philips Wake-up Light шамы ұйқының соңғы 30 минут уақытында денеңізді оянуға дайындайды.
Таңертең ерте көздеріміз оянған күйге қарағанда жарыққа көбірек сезімтал болады. Бұл мерзімде
үлгіленген табиғи күн шығыстың төмен жарық деңгейлері ағзаңызды оятуға және ескертуге
дайындайды. Wake-up Light шамын пайдаланатын адамдар әдеттегіден жеңіл оянып, таңертеңгі көңіл-
күйлері көтеріңкі және күш-қуаты жоғарырақ болады. Жарыққа сезімталдық әр адамда әр түрлі
болғандықтан, күніңіз жақсы басталу үшін Wake-up Light шамының жарық қарқындылығын
орнатуыңызға болады.
Wake-up Light жарық оятқышы жөнінде қосымша ақпарат үшін www.philips.com сайтын қараңыз.
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша
пайдалану құжаттамасын
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін
сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
-
Су мен токтың әрекеттесуі өте қауіпті. Құрылғыны ылғал жерлерде (мысалы, ваннада, душ
жанында немесе бассейнде) пайдаланбаңыз.
-
Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
-
Құралдың (сурет 1) ішіне су тигізбеңіз немесе оның үстіне су төкпеңіз.
-
Құралды суға батыруға немесе ағын су астында шаюға болмайды.
-
Құрылғының жанына судың немесе кез келген басқа сұйықтықтың құрылғыға тамуына немесе
шашырауына әкелетін ештеңені жақын қоймаңыз.
-
Бұл құрал тек бөлме ішінде пайдалануға арналған (сурет 2).
-
Адаптерде қауіпті 100-240 В айнымалы ток кернеуін қауіпсіз 24 В тұрақты ток төмен кернеуге
түрлендіретін таратқыш бар. Басқа ашамен ауыстыру үшін, адаптерді кеспеңіз, бұл қауіпті жағдай
тудыруы мүмкін.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hf3532Hf3531Hf3521Hf3519

Table of Contents