Download Print this page

Samsung Level U2 User Manual page 133

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Құлақаспапты пайдалану
Қоңыраулардың мүмкіндіктерін пайдалану
Құлаққап мобильді құрылғыға жалғанған кезде, қосылған мобильді құрылғыдан қоңырауларға жауап
беріп, оларды басқаруға болады.
Қоңырауға жауап беру немесе қабылдамау
Егер құлаққап тағып жүрген кезде әлдекім қоңырау шалса, индикатор шамы көк түспен жарқылдайды
және құлаққап дірілдеп, дыбыстық сигнал шығарады. Сондай-ақ дауыстық хабарландыру қоңырау
шалушының телефон нөмірін немесе контактілерде сақталған адамның атын айтады.
Қоңырауға жауап беру үшін сөйлесу түймесін басыңыз.
Қоңырауды қабылдамау үшін сөйлесу түймесін басып тұрыңыз.
• Екі құрылғы құлаққапқа қосылған болса, бір мобильді құрылғыдан мультимедиалық
файлды ойнатып жатып, қоңырауларға екінші құрылғыдан жауап бере аласыз. Алайда,
мультимедиалық файл кідіртіліп, қоңырау аяқталғаннан кейін жалғастырылады.
• Жалғанған екі мобильдік құрылғыға бір уақытта кіріс қоңырау шалынса, алдымен негізгі
мобильді құрылғының қоңырауына құлаққап арқылы жауап бере алатын боласыз.
Сондай-ақ сөйлесу түймесін қайта басу арқылы екінші мобильді құрылғыдағы қоңырауды
да қабылдай аласыз. Алайда бұл қоңырауда сөйлесу үшін, негізгі құрылғыдағы қоңырауды
аяқтауыңыз керек болады.
• Кіріс қоңырау шалынған кезде, құлаққапты мойындықта (дірілдеу аймағында) дірілдеу
күйіне орнатуыңызға болады. Дірілді қосу немесе өшіру үшін дыбыс деңгейі (+, -)
түймелерін бірге басып тұрыңыз.
Қоңырауды аяқтау
Ағымдағы қоңырауды аяқтау үшін сөйлесу түймесін басыңыз.
Қазақ тілі
15
15

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Eo-b3300