Bosch Professional GLL 3-15 X Original Instructions Manual page 54

Hide thumbs Also See for Professional GLL 3-15 X:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
54 | Қазақ
бағытталады да, өлшеу құралының орналасуы
өзгермейді.
Өлшеу құралын айналма платформаға (12), айналма
платформаның бекіткіш ойықтары (13) өлшеу
құралының астыңғы жағындағы тиісті бекіткіш
ойықтардың (6) арасында тура орналасатындай,
орнатыңыз. Өлшеу құралын айналма платформада
құлыптау үшін сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Айналма платформаның (12) аяқтарын биіктікті реттегіш
бұрандалармен (10) бұрап шығарыңыз.
Айналма платформаны ватерпастың (8) көмегімен
шамамен туралаңыз.
Егер өлшеу құралы бұрама платформаға (12)
орнатылған, тік лазер сызықтарын дәлдеп реттеу
бұрандамасының (11) көмегімен сілтемелік нүктелермен
туралауға болады.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
u
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
u
температура өзгерістерінің әсерін тигізуге
болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ
уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл
болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты
температурасын сақтаңыз және жұмысты
жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін
өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін
тексеру", Бет 55).
Айрықша температура немесе температура өзгерістері
орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі
төмендеуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден
u
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру", Бет 55).
Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны
u
қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе
ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (7) "  On"
күйіне (маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін)
немесе "
 On" күйіне (нивелирлеу автоматикасымен
жұмыс істеу үшін) жылжытыңыз. Күй индикаторы (15)
жанады. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден
алдыңғы шығыс саңылаудан (1) көлденең лазер сызығын
шығарады.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
1 609 92A 4HL | (27.11.2020)
Өлшеу құралын өшіру үшін ажыратқышты (7) "Off"
күйіне жылжытыңыз. Күй индикаторы (15) сөнеді. Өшіру
кезінде тербелу блогы бұғатталады.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
u
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
45 °C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс
температурасынан асырған жағдайда лазер диоды
қорғаныс үшін өшеді. Суығаннан соң өлшеу құралы қайта
қосылуы мүмкін.
Өшіру автоматикасын ажырату
Өлшеу құралы 30 минут жұмыс істегеннен кейін
автоматты түрде өшеді.
Өшіру автоматикасын ажырату үшін өлшеу құралын
қосқан кезде тік жұмыс режимі түймесін (16) немесе
көлденең жұмыс режимі түймесін (17) 3 секунд басып
тұрыңыз. Өшіру автоматикасы ажыратылған болса, лазер
сәулелері 3 секудтан кейін қысқа уақытта
жыпылықтайды.
Автоматты түрде өшіру функциясын іске қосу үшін өлшеу
құралын өшіріп қайта қосыңыз (түймені баспай).
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды
әркез ауыстыруға болады. Көлденең және тік жұмыс
режимдерін бір-бірінен бөлек қосып өшіруге болады.
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін көлденең жұмыс
режимінде болады.
Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де
таңдауға болады.
Көлденең жұмыс режимі (B суретін қараңыз)
Көлденең жұмыс режимінде өлшеу құралы көлденең
лазер сызығын алға қарай шығарады.
Көлденең лазер сызығын өшіру немесе қосу үшін
көлденең жұмыс режимі түймесін (17) басыңыз.
Тік жұмыс режимі және перпендикуляр табаны
(C–D суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралына екі тік жұмыс режимі бар:
– алға қаратылған тік лазер сызығы,
– алға және оң жаққа қаратылған тік лазер сызығы.
Оған қоса тік жұмыс режимінде әрдайым перпендикуляр
табаны төмен қарай проекцияланады.
Тік жұмыс режимін қосу немесе өшіру үшін және тік
жұмыс режимін ауыстыру үшін тік жұмыс режимі
түймесін (16) қалаулы жұмыс режиміне қол жеткізгенше
басыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең берік бетке қойыңыз немесе
айналма платформаға (12) бекітіңіз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents