Bosch Professional GSR 36 V-LI Original Instructions Manual page 152

Hide thumbs Also See for Professional GSR 36 V-LI:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
OBJ_BUCH-487-003.book Page 152 Wednesday, December 9, 2015 11:29 AM
152 | Қaзақша
Дрельдердің және шуруп бұрауыштардың
қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаулары
GSB 36 V-LI:
 Перфоратормен жұмыс істеуде құлақ сақтағышын
киіңіз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы
мүмкін.
GSR 36 V-LI/GSB 36 V-LI:
 Жұмыс істеген кезде құралды изоляцияланған
тұтқаларынан ұстаңыз, өйткені кесетін құрал
немесе винт жасырын сымдарға тиіп кетуі мүмкін.
Тоқ өтетін сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ
беріп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
 Электр құралмен бірге жіберілген қосымша
тұтқаларды ұстаңыз. Бақылауды жоғалту зақымдарға
алып келуі мүмкін.
 Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап
бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары
мезеттер пайда болуы мүмкін.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Кері
соққыға әкелетін жоғары реакция сәттеріне дайын
болыңыз. Жұмыс құралы келесі жағдайларда
тұтығады:
– электр құралына шамадан тыс жүктеме түскенде
немесе
– өңделіп жатқан бөлшек қисайса.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
1 609 92A 1K9 | (9.12.15)
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға
апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
GSR 36 V-LI
Бұл электр құралын шуруптарды бұрап бекіту және бұрап
босату, сондай-ақ, ағаш, металл, сонымен бірге,
синтетикалық материалдарды бұрғылауға арналған.
GSB 36 V-LI
Электр құралы бұрғыларды бұрау немесе шешуге, және
ағашты, металды, керамиканы және пластмассаны оюға
және кірпіште, құрылыста және таста перфоратормен
жұмыс істеуге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Тез қысатын бұрғылау патроны
2 Айналдыру моментін орнату сақинасы
3 Беріліс ауыстырып-қосқышы
4 Softgriff қаптамасы
5 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы
6 Қосқыш/өшіргіш
7 Қосымша тұтқа
8 Аккумулятор
9 Қондырма бита*
10 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
11 Температураны бақылау индикаторы
12 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
13 Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының пернесі
14 Аккумуляторды босату түймесі
15 Қосымша тұтқаның тарту таспасы
16 Қондырма биталардың әмбебап ұстағышы*
17 Жылдам тарту бұрғы патроны үшін бекіту бұрандасы
18 Алты қырлы дөңгелек кілт*
19 Қаптама қақпақ
20 Сырғақ түйіспе ұстағышы
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gsb 36 v-li

Table of Contents