Bosch Professional GOP 30-28 Original Instructions Manual page 184

Hide thumbs Also See for Professional GOP 30-28:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
184 | Қазақ
Тегістеу дискін (10) тегістеу пластинасының (9) бір
шетіне қойып сосын тегістеу дискін тегістеу
пластинасына орнатып қатты басыңыз.
Оптималды шаңсоруды қамтамасыз еті үшін тегістеу
дискіндегі ойықтардың тегістеу пластинасының
ойықтарымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Тегістеу дискін (10) шешу үшін оны ұшынан ұстап
тегістеу пластинасынан (9) шығарыңыз.
Bosch ұсынатын жабдықтар ассортименті арасынан Delta
93 мм сериялы барлық тегістеу дискілерін, тегістеу және
тазалау, ажарлағыштарын пайдалануыңызға болады.
Тоқылмаған/жылтырату киізі сияқты тегістеу жабдықтары
да осы әдіспен тегістеу пластинасына бекітіледі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсоруды қосу (A суретін қараңыз)
Шаңсору (8) тек қана тегістеу пластинасымен (9) жұмыс
істеуге арналған, басқа алмалы-салмалы аспаптармен
істеу пайдасы болмайды.
Тегістеу үшін әрдайым шаңсоруды қосыңыз.
Шаңсорғышты (8) орнату (керек-жарақтар) үшін алмалы-
салмалы аспапты және тереңдік шектегіші (15) алып
қойыңыз.
Шаңсорғышты (8) трелгенше аспап қысқышы арқылы (4)
электр құрылының қысқыш мойныға жылжытыңыз.
Шаңсорғышты керекті күйге бұраңыз (электр құралының
астына емес). Қысқыш тұтқышты (16) шаңсоруды бекіту
үшін басыңыз.
Сору адаптерін (18) сору шлангында (19) сору
штуцерлеріне (17) салыңыз. Сорғыш шлангты (19)
шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Сүреттік бетте түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері
көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
1 609 92A 49C | (11.06.2018)
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті (1) алға
жылжытып қосқышты "І" көзге түсетін қылыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (1) "0"
қосқышы көрінгенше артқа жылжытыңыз.
GOP 40-30: Жұмыс жарығы таспа тікелей жұмыс
аймағында көру мүмкіндігін жақсартады. Ол электр
құралмен бірге автоматты қосылады және өшіріледі.
Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді
u
зақымдауы мүмкін.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (2) қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Ағаш немесе метал сияқты қатты материалдарды аралау,
ажырату және тегістеу үшін 6 тербелу саны басқышы, ал
пластмасса сияқты жұмсақ материалдар үшін 4 тербелу
саны басқышы ұсынылады.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
u
тоқтауын күтіңіз.
Нұсқау: Электр құралының желдеткіш саңылауын (3)
жұмыс істеу кезінде жаппаңыз, әйтпесе электр
құралының пайдалану мерзімі қысқарады.
Жұмыс ережелері
Тербелтетін жетек арқылы алмалы-салмалы аспап
минутына 20000 дейін реттей тербеледі. Бұл қолайсыз,
тар жерде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жай және бір қалыпты қысыммен
жұмыс істеңіз, әйтпесе жұмыс өнімділігі
төмендеп, алмалы-салмалы аспап
сыналанып қалады.
Электр құралын жұмыс істеу кезінде
жан-жаққа жылжытыңыз, сонда
алмалы-салмалы аспап қызбайды,
сыналанбайды.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gop 40-30Professional gop 55-36

Table of Contents