Bosch Professional GAM 270 MFL Original Instructions Manual page 183

Hide thumbs Also See for Professional GAM 270 MFL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
° өлшем бірлігін таңдаңыз(қараңыз „Өлшем бірлігін ауыстыру (B суретін
қараңыз)", Бет 182).
10 с күтіп, содан кейін еңісті өлшеу мәнін (n) жазып алыңыз.
Өлшеу құралын тік ось бойынша 180°-қа бұраңыз. Тағы 10 с күтіп,
екінші еңісті өлшеу мәнін (n) жазып алыңыз.
Өлшеу құралын екі өлшеу мәнінің айырмашылығы 0,1°-тан
u
артық болғанда ғана калибрлеңіз.
Өлшеу құралын өлшеу мәндерінің айырмашылығы белгіленген күйде
(тік немесе көлденең) калибрлеңіз.
Калибрлеуді тек еден жағымен орындауға болады.
Еңісті өлшеу үшін көлденең жанасу беттерін калибрлеу (I суретін
қараңыз)
Өлшеу құралы қойылатын жазықтық көлденең сызықтан ең көбі 5°-қа
ауытқуы тиіс. Ауытқу осы шамадан артық болса, калибрлеу ‑‑‑
индикаторымен тоқтатылады.
Өлшеу құралын қосып, көлденеңінен туралауға арналған
ватерпас (9) жоғары қарап тұратындай және дисплей (7)
өзіңізге қарап тұратындай етіп көлденең жазықтыққа қойыңыз.
10 с күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін UnitsCal (20) дисплейде CAL1
белгісі қысқа уақытқа пайда болғанша шамамен 2 с ішінде
басыңыз. Сонан соң дисплейде өлшеу мәні (n) жыпылықтайды.
Өлшеу құралын көлденеңінен туралауға арналған ватерпас (9)
одан ары жоғары қарап тұратындай, ал дисплей (7) өзіңізден
теріс жақта орналасатындай етіп тік ось бойынша 180°-қа
бұраңыз. 10 с күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін UnitsCal (20) қайтадан
басыңыз. Дисплейде қысқа уақытқа CAL2 белгісі пайда болады.
Сонан соң дисплейде өлшеу мәні (n) (жыпылықтамай)
көрсетіледі. Өлшеу құралы енді осы жанасу аймағы бойынша
жаңадан калибрленеді.
Нұсқау: егер өлшеу құралы ➂-қадамда суретте көрсетілген ось
бойынша айналмаса, калибрлеу аяқталмауы мүмкін.
Еңісті өлшеу үшін тік жанасу беттерін калибрлеу (J суретін
қараңыз)
Өлшеу құралы қойылатын жазықтық тік сызықтан ең көбі 5°-қа ауытқуы
тиіс. Ауытқу осы шамадан артық болса, калибрлеу ‑‑‑ индикаторымен
тоқтатылады.
Өлшеу құралын қосып, тігінен туралауға арналған ватерпас (10)
жоғары қарап тұратындай және дисплей (7) өзіңізге қарап
тұратындай етіп тік жазықтыққа қойыңыз. 10 с күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін UnitsCal (20) дисплейде CAL1
белгісі қысқа уақытқа пайда болғанша шамамен 2 с ішінде
басыңыз. Сонан соң дисплейде өлшеу мәні (n) жыпылықтайды.
Өлшеу құралын тігінен туралауға арналған ватерпас (10) одан
ары төмен қарап тұратындай, ал дисплей (7) өзіңізден теріс
жақта орналасатындай етіп көлденең ось бойынша 180°-қа
бұраңыз. 10 с күтіңіз.
Содан кейін калибрлеу түймесін UnitsCal (20) қайтадан
басыңыз. Дисплейде қысқа уақытқа CAL2 белгісі пайда болады.
Сонан соң дисплейде өлшеу мәні (n) (жыпылықтамай)
көрсетіледі. Өлшеу құралы енді осы жанасу аймағы бойынша
жаңадан калибрленеді.
Нұсқау: егер өлшеу құралы ➂-қадамда суретте көрсетілген ось
бойынша айналмаса, калибрлеу аяқталмауы мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды
немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын қылшықтарға
назар аударыңыз.
Өлшеу құралы жаңбыр астында ұзақ тұрған болса, оның жұмысына теріс
әсер етілуі мүмкін. Толық кептіргеннен кейін өлшеу құралын шектеусіз
қайта пайдалануға болады. Калибрлеу қажет емес.
Өлшеу құралын тек қорғайтын қалтасында (22) сақтаңыз және
тасымалдаңыз.
Жөндеу қажет болғанда, өлшеу құралын қорғайтын қалтасында (22)
жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет
көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді.
Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы
мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-
Bosch Power Tools
Қазақ | 183
1 609 92A 58L | (22.11.2019)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents