Bosch Professional LR 6 Original Instructions Manual page 162

Hide thumbs Also See for Professional LR 6:
Table of Contents

Advertisement

162 | Қазақ
Ортаңғы сызық индикаторының реттеуін таңдау
Қабылдау дәлдігін реттеу түймесінің (1) көмегімен лазер сәулесінің орналасуы
қабылдау өрісінде "орталық" ретінде көрсету дәлдігін анықтауға болады:
– "дәл" қабылдау дәлдігі (ортаңғы сызықтың жарық диоды (7) жыпылықтайды),
– "шамамен" қабылдау дәлдігі ("Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" (6) және
"Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" (8) жарық диодты бағыт
индикаторлары жыпылықтайды).
Бағыт көрсеткіштері
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (9) орналасуы осылайша көрсетіледі:
– лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы жағындағы "Ортаңғы сызық үстіндегі
лазер сәулесі" (6), "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" (8) жарық диодты
бағыт индикаторлары немесе ортаңғы сызық (7) арқылы,
– сондай-ақ дыбыстық сигнал арқылы.
Лазер қабылдағышы тым төмен: лазер сәулесі қабылдау өрісінің (9) жоғарғы
бөлігінен өтсе, "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" жарық диодты бағыт
индикаторлары (6) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал жоғары жиілікпен дыбыс шығарады.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен жоғары қарай жылжытыңыз.
Лазер қабылдағышы тым жоғары: лазер сәулесі қабылдау өрісінің (9) астыңғы
бөлігінен өтсе, "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" жарық диодты бағыт
индикаторлары  (8) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал төмен жиілікпен дыбыс шығарады.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен төмен қарай жылжытыңыз.
Лазер қабылдағышы ортада: лазер сәулесі қабылдау өрісінен (9) орта
белгісінің (12) биіктігінде өтсе, ортағы сызық жарық диодтары (7) жанады.
Сигнал қосулы болса, үздіксіз дыбыс шығарылады.
Лазер сәулесін белгілеу үшін сигналдық дыбыс
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (9) орналасуы сигналдық дыбыс арқылы
белгіленуі мүмкін.
Дыбыс деңгейін өзгертуге немесе дыбыстық сигналды өшіруге болады.
Дыбыстық сигналды ауыстыру немесе өшіру үшін дыбыстық сигнал түймесін (4)
басыңыз. Дыбыс деңгейі төмен болғанда, қысқа дыбыстық сигнал беріледі және
ортаңғы сызық жарық диоды (7) жанады, дыбыс деңгейі жоғары болғанда, қысқа
дыбыстық сигнал беріледі және (6), (7) және (8) жарық диодты бағыт
индикаторлары жанады, дыбыстық сигнал өшірулі болғанда, жарық диодты
индикаторлар сөнеді.
1 609 92A 4HV | (19.05.2020)
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents