Электромагниттік Өріс (Эмө); Батареяны Алып Тастау - Philips HP6335 Manual

Hide thumbs Also See for HP6335:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚаЗаҚша
кіріспе
Сіздің жаңа Philips ladyshave Body Contour құралымен
сіз құрғақ денеңізден керек емес шаштарыңызды
жылдам, жеңіл, әрі қолайлы түрде алып тастай аласыз.
Бұл жаңа ойлап шығарылған екі еселі фольгасы бар
Ladyshave ұстарасы жылдам және қауіпсіз қырыну
кепілдігін береді. Оның егіз басы тіпті қатты шаштарды
да жеңіл кесіп, сізді кесіп алуым мүмкін деген
қорқыныштан сақтайды. Осы Ladyshave ұстарасымен
сіз қолтық астыңызды, бикини желісін және аяғыңызды
жеілдікпен қыра аласыз.
-
Бұл Ladyshave ұстарасын қосымша тазалау үшін,
ағын су астында қолданып болған сайын жуып
отырсаңыз да болады.
-
Бұл Ladyshave әйелдер ұстарасы тоқ сымысыз
жұмыс жасайтын, зарядтаушы қондырғыда қайта
зарядталатын батареялары бар құрал болып келеді.
Маңызды
Құралды қолданар алдында осы нұсқауды мұқият оқып
шағыңыз, әрі болашақта қолдануға сақтап қойыңыз.
-
Зарядтаушы қондырғыны қосар алдында
адапторда көрсетілген вольтаж жергілікті
қамтамасыз етілетін вольтажбен сәйкес
келетіндігін тексеріп алыңыз.
-
Ladyshave әйелдер ұстарасын тек қосымша
берілген адаптормен және зарядтаушы
қондырғымен ғана бірге қолданыңыз.
-
Ladyshave әйелдер ұстарасын, адапторды және
зарядтаушы қондырғыны егер олар зақымдалған
болса, қолдануға болмайды.
-
Егер адаптор немесе зарядтаушы зақымдалған
болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны міндетті
түрде тек түпнұсқалы түрімен ғана алмастыру
қажет.
-
Адапторда трансформер бар. Адапторды кесіп
алып тастап, оның орнына басқа шанышқы қоюға
болмайды, себебі бұл өте қауіпті жағдай туғызады.
-
Ladyshave халықаралық IEC бекіткен қауіпсіздік
заңына сәйкес және оны ағын су астында
тазалауға болады (Cурет 1).
-
Ladyshave душ қабылдағанда қолданатын су
температурасынан жоғары су астында шйюға
болмайды.
-
Адаптор суланбағандығына көңіл бөліңіз.
-
Зарядтаушы қондырғыны суға батыруға немесе
ағын су астында шәюға болмайды.
-
Құралды тек 15°C және 35°C температурасы
аралығында ғана зарядтауға, қолдануға және
сақтауға болады.
-
Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде
олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан нұсқау
алған болмаса немесе оның қадағалауымен
қолданып жатпаған болса, физикалық сезімталдығы
төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі
мен тәжірибесі аз адамдар (жас балаларды да
қоса) қолдануына болмайды.
-
Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз
қалдыруға болмайды.
-
Бұл құрал тек адам шашын ғана қыруға және
кесуге арналған. Оны басқа мақсатпен қолдануға
болмайды.
-
Ladyshave ұстарасын ол зарядталып жатқанда
қолдануға болмайды.
-
Шу деңгейі: Lc = 69 dB [A]
Электромагниттік өріс (ЭМӨ)
Осы Philips құралы Электрoмагниттік өріске (ЭМӨ)
байланысты барлық стандарттарға сәйкес келеді. Егер
осы құралды қосымша берілген нұсқаудағыдай ұқыпты
қолданған болса, онда бұл құрал, бүгінгі таңдағы белгілі
ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып
келеді.
Зарядтау
Құралды толығымен зарядтау үшін, шамамен 12 сағат
қажет болады.
Құралды қайта зарядтауға дайындағанда құралдың
және қолдарыңыздың кебу екендігін тексеріңіз.
Құралды зарядтаушы қондырғыға қояр алдында оны
міндетті түрде сөндіріңіз.
1
Құралды зарядтау қондырғысына
қойыңыз (Cурет 2).
4222.002.6684.1
2
Кішкене шанышқыны зарядтаушы қондырғыға
енгізіп, адапторды қабырғадағы розеткаға
енгізіңіз.
Есте сақтаңыз: Құралды зарядтап жатқанда
розетка жұмыс жасап тұрғандығын тексеріп алыңыз.
Жарықты сөндірген кезде қол жуатын раковинаның
үстіндегі айналы шкафтарға орнатылған электр
розеткаларына немесе жуынатын бөлмелердегі электр
ұстарасына арналған электр розеткасына электр
қуатының берілуі тоқтаталады.
Батареяларың зарядталып жатқандығын
,
білдіріп, адаптордағы зарядтаушы жарығы
жанады (Cурет 3).
Батареялар толығымен зарядталғанда, құралдың
,
тоқ сымысыз 20 минутқа дейін жұмыс жасау
қуаты болады.
Құралды қолдану
Қырыну
-
Егер сіз жиі қырынатын болсаңыз (әр бір 3 күн
сайын), онда қайшыны төмен ұстанымға қойыңыз,
сонда теріңіз тиімді ыңғайлылық алады. Бұл
жағдайда тек екі еселік қырыну фольгасы ғана
теріңізге тиеді (Cурет 4).
-
Егер сіз тым жиі қырынбасаңыз, онда қайшыны
жоғары ұстанымға қойыңыз.
1
Құралды қосыңыз (Cурет 5).
2
Кесетін қайшы мен фольганы абайлап теріңізге
қойыңыз. Құралды теріңіздің үстінен жәймен,
шаш өсу бағытына қарсы, сәл ғана басып отырып
жылжытыңыз (Cурет 6).
Қайшы мен фольганың екеуі де толығымен теріңізбен
байланыста екендігін тексеріп отырыңыз.
кесетін қайшы
1
Бикини желісіндегі шашты кесу үшін, қосымша
бөлшек ретінде берілген тарақты қыратын басқа
тарақтағы тесікшесін құралдың алдына қаратып
орнатыңыз (Cурет 7).
2
Құралды қосыңыз (Cурет 5).
3
Құралды шашыңыздың өсу бағытына қарсы
жылжытыңыз (Cурет 8).
Қосымша бөлшек ретінде берілген тарақтың беті
әрдайым теріңізбен байланыста болуы тиіс.
Тазалау және күту
Қырғыш жөке, қырғыш тазалағыш құралдарды
немесе жанар май немесе ацетон тәріздес агрессивті
сұйықтықтарды құралды тазалау үшін қолдануға
болмайды.
Ladyshave әйелдер ұстарасын ағын су астында тазалар
алдында міндетті түрде зарядтаушы қондырғыдан
шығарып алыңыз. Ladyshave әйелдер ұстарасын
қайтадан зарядтаушы қондырғыға қояр алдында
оның кебу екендігін тексеріп алыңыз.
Зарядтаушы қондырғыны ешқашан суға немесе басқа
сұйықтыққа батырмаңыз. Зарядтаушы қондырғыны
тек кебу шүберекпен ғана сүртіңіз.
Әр бір қолданған сайын
Құралды қолданған сайын тазалап тұрыңыз.
1
Ladyshave құралын қосыңыз.
2
Босату түймелерін басып, қыру бастарын
алыңыз (Cурет 9).
Қыратын фольганы сындырып алмас үшін, оған күш
салмаңыз.
3
Кесу бөлігі мен екі еселі қыру фольгасындағы
шашты қылшақпен сілкіп тастаңыз. Сіз,
сонымен қатар, қайшылар астында жиналып
қалған шаштарды да сілкіп тастасаңыз
болады (Cурет 10).
4
Тиянақты етіп тазалау үшін, сіз Ladyshave
құралды, сонымен қатар, ағын су астында да
тазаласаңыз болады. (Cурет 11)
5
Тазалап болғаннан соң, екі еселі қыру фольга
бастарын зақымдалудан сақ ету үшін, қосымша
бөлшек ретінде берілген тарақты қыру басына
кигізіп қойыңыз.
Жылына екі рет
1
Жылына екі рет екі еселі қыру фольгасын және
қайшыны машина майын тамызып, майлап
отырыңыз (Cурет 12).
Қоршаған айнала
-
Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін,
күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды.
Оның орнына бұл құралды арнайы жинап
алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз.
Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді
тигізесіз (Cурет 13).
-
Ішіне орнатылған қайта зарядталып отыратын
батарея құрамында қоршаған ортаға тигізер
зиянды заттар бар. Құралды тастар немесе арнайы
жинап алатын орынға берер алдында батареяны
алып тастаңыз. Батареяны арнайы батареялар
жинайтын орынға өткізіңіз. Егер батареяны шағару
сіздің қолыңыздан келмесе, құралды Philips қызмет
орталығына апаруыңызға болады, ондағы адамдар
батареяны сіз үшін алып, оны қоршаған ортаға
зияны тимейтін жағдайда көзін жояды.
Батареяны алып тастау
1
Құралды зарядтаушы қондырғыдан шығарыңыз.
2
Моторын батареялары толығымен таусылғанша
жұмыс жасатыңыз.
3
Алдыңғы бетін бұрауышпен алыңыз (Cурет 14).
4
Құралдың төменгі бөлігін алу үшін,
қабырғаларын бөліп, төменгі бөлігін төмен қарай
тартыңыз (Cурет 15).
Батареяларды алмастырмақшы болмаңыз.
Құралдан батареяларды алып тастаған болсаңыз,
оны тоққа қосулы тұрған зарядтаушы қондырғыға
қайтадан қоюға болмайды.
5
Бұрауышты бұраңыз (Cурет 16).
6
Батареяларды бұрауышпен алыңыз.
Батареяларды алды артты бірнеше рет қозғап,
босатыңыз (Cурет 17).
кепілдік және қызмет
Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде
ойландырған мәселе болса, Philips'тің интернет
бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе
өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына
телефон шалсаңыз болады (оның нөмірін сіз дүние
жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан
табасыз). Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық
Орталығы жоқ болған жағдайда өзіңіздің жергілікті
Philips дилеріне арызданыңыз немесе Philips'тің Үйге
арналған құралдар қызмет департаменті және Жеке
Қамқор BV бөліміне арызданыңыз.
8/9

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents