Philips SONICARE AirFloss Ultra User Manual page 26

Hide thumbs Also See for SONICARE AirFloss Ultra:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

26
Қазақша
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе
құрылғыны пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау
қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен
тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны
қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
Абайлаңыз
- Ауызға немесе қызыл иектерге хирургиялық операция жасалған
болса, тіс ауруы бар болса, алдыңғы 2 айда тістерде көп жұмыс
жасалған болса немесе тістегі жұмыста (пломбалар, коронкалар,
т.б.) ықтимал мәселелер бар болса, осы құралды пайдалану
алдында тіс дәрігерінен кеңес алыңыз.
- Егер осы құралды қолданған соң шамадан тыс қанаса немесе 4
апталар пайдаланған соң қанау жалғаса берсе, тіс дәрігеріңізбен
кеңесіңіз.
- Егер сізде медициналық проблемалар болса, осы құралды
пайдаланар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Осы Philips құрылғысы электромагниттік құрылғыларға арналған
қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Егер сізде
кардиостимулятор немесе басқа импланттық құрылғылар болса,
пайдаланар алдында дәрігеріңізге немесе имплант құрылғысын
өндірушіге хабарласыңыз.
- Өндіруші ұсынған саптамалардан басқа саптамаларды қолдануға
болмайды.
- Саптаманың ұшына артық қысым түсірмеңіз.
- Жарақат алмас үшін су құйылатын ыдысқа ыстық су толтырмаңыз.
Су құйылатын ыдысқа басқа нәрсе салмаңыз.
- AirFloss Ultra құралын тек осы пайдаланушы нұсқаулығында
сипатталған мақсатқа пайдаланыңыз.
- Жарақат алмас үшін тікелей тілдің астына немесе құлақтың,
мұрынның, көздің ішіне не болмаса басқа да сезімтал аймаққа
бағыттап, шашпаңыз.
- AirFloss Ultra саптамасын, тұтқасын, зарядтағышты, су құйылатын
ыдысты және оның қақпағын ыдыс жуғышта немесе
микротолқынды пеште тазаламаңыз.
- Ауыз қуысын жаралап алмас үшін су құйылатын ыдысқа изопропил
спиртін немесе басқа тазалау сұйықтығын құймаңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents