Download Print this page

Bosch GWS 20-230 H Professional Original Instructions Manual page 72

Hide thumbs Also See for GWS 20-230 H Professional:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
72 | Қазақ
Басылған сөндіргішті (2) бекіту үшін сөндіргішті (2) одан
әрі алға жылжытыңыз.
Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті (2) жіберіңіз
немесе бекітілсе, сөндіргішті (2) қысқа уақыт бойы
басыңыз және жіберіңіз.
Бекітілмейтін сөндіргіш (елге байланысты):
Электр құралды қосу үшін сөндіргішті (2) алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (2)
жіберіңіз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
u
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Жүріс тежегіші
(GWS 24-230 JVX)
Электр құралында Bosch Brake System,
патенттелген электрмеханикалық жүріс
тежегіші бар. Ток жеткізілуі өшкенде немесе
үзілгенде ажарлау құралы бірнеше секунд
ішінде тоқтатылады. Бұл жүріс тежегіші жоқ
бұрышты ажарлау машинасымен салыстырғанда аяқтау
уақыты шам. 70%-ға қысқарып, электр құралын ертерек
қоюға мүмкіндік береді.
Нұсқау: тежегіш әсері сезімді түрде төмендесе, бұл жүріс
тежегішінің бұзылғанын білдіреді. Электр құралын бірден
сервистік қызметке жіберу керек, мекенжайларды
«Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері»
тарауынан қараңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
(GWS 22-230 JH / GWS 24-230 JH/JVX)
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Нұсқау: электр құралы қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда бұл іске қосу тогын
шектеудің және қайтадан қосылудан қорғаудың істен
шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден сервистік
қызметке жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға
қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан
қараңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда
u
абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын
қараңыз.
Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
u
дайындаманы бекітіңіз.
Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
u
1 609 92A 434 | (23.11.2018)
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
u
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Электр құралды абразивті-кесу станинада
u
пайдаланбаңыз.
Нұсқау: Пайдаланбағанда желі айырын розеткадан
шығарыңыз. Электр құралында желі айыры қосулы
болып желіде кернеу барысында өшірулі болғанда да
аздап тоқ тұтынады.
Сыдырып тегістеу
Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
u
пайдаланбаңыз.
30° - 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды
жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде
дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және
арналар пайда болмайды.
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңбері
Желпуіш тәрізді ажарлау шеңберімен (құрал) бірге дөңес
беттерді және профильдерді де өңдеуге болады. Желпуіш
тәрізді ажарлау шеңберлері әдеттегі ажарлау
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және ажарлау температурасы
азырақ болады.
Металды кесу
Байланыстырылған абразивтер көмегімен кесу
кезінде әрдайым кесуге арналған қорғаныш
қаптаманы пайдаланыңыз (13)/(29).
Кескіш дискімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс
беріліспен жұмыс істеңіз. Кескіш дискіге қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанда кескіш дискіні
тоқтатпаңыз.
Тасты кесу
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
u
Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
u
үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.
Электр құралын әрқашан
айналу бағытына қарсы
жүргізу керек. Әйтпесе
бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе
төрт қырлы құбырларды
кесу кезінде кесуді ең аз
көлденең қимада
бастаңыз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

loading