Bosch GSR 14,4 VE-2-LI Professional Original Instructions Manual page 96

Cordless screwdriver/ combination cordless drill
Hide thumbs Also See for GSR 14,4 VE-2-LI Professional:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 8
OBJ_BUCH-1237-004.book Page 96 Monday, September 16, 2013 11:29 AM
96 | Қaзақша
GSR 18 VE-2-LI/GSB 18 VE-2-LI
 Электр құралмен бірге жіберілген қосымша
тұтқаларды ұстаңыз. Бақылауды жоғалту зақымдарға
алып келуі мүмкін.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
GSR 14,4 VE-2-LI/GSR 18 VE-2-LI/
GSB 14,4 VE-2-LI/GSB 18 VE-2-LI
 Жұмыс істеген кезде құралды изоляцияланған
тұтқаларынан ұстаңыз, өйткені кесетін құрал
немесе винт жасырын сымдарға тиіп кетуі мүмкін.
Тоқ өтетін сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ
беріп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Кері
соққыға әкелетін жоғары реакция сәттеріне дайын
болыңыз. Жұмыс құралы келесі жағдайларда тұтығады:
– электр құралына шамадан тыс жүктеме түскенде
немесе
– өңделіп жатқан бөлшек қисайса.
 Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап
бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары
мезеттер пайда болуы мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары өте
қауіпті. Жеңіл метал шаңы жануы немесе жарылуы
мүмкін.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда
аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден
қорғалған болады.
 Тек өнімдің зауыттық тақтайшасында көрсетілген
кернеуі бар түпнұсқа Bosch аккумуляторларын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды, мысалы,
көшірмелерді, қалпына келтірілген аккумуляторларды
немесе басқа маркалы аккумуляторларды
пайдаланғанда, батарея жарылған кезде жарақаттар
алу және мүлікті зақымдау қаупі бар.
1 609 92A 0C0 | (16.9.13)
Басқа да қауіпсіздік және жұмыс
нұсқаулықтары
 Қорғасын бояу, ағаш, минерал және металдың
кейбір түрлерінің шаңы денсаулыққа зиян болып,
аллергиялық реакция, тыныс алу жолдары
ауруларына және рак ауруына алып келуі мүмкін.
Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі
мүмкін.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Электр құралын (мысалы қызмет көрсету,
аспаптарды алмастыру т.б.) пайдалануда және
оларды тасымалдау және сақтауда айналу
бағытының реттеушісін орта күйге жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
 Аккумулятор жарты зарядталған күйде жеткізіледі.
Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны
алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.
 Аккумулятор NTC температура бақылауымен
жабдықталған, ол иек 0 °C мен 45 °C арасындағы
температурада зарядталуға жол береді. Сол
арқылы аккумуляторды ұзақ уақыт пайдалана
аласыз.
 Зарядтау құрылғысының пайдалану нұсқаулығын
оқыңыз.
 Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
 Беріліс ауыстырып-қосқышын тек электр құралы
тоқтаған соң пайдаланыңыз.
 Беріліс ауыстырып-қосқышын немесе пайдалану
түрінің ауыстырып-қосқышын тірелгенше
жылжытыңыз немесе айналдырыңыз. Әйтпесе
электр құралын зақымдау мүмкін.
 Өте қатты жүктелімде, мысалы алмалы-салмалы
аспап ұзақ уақыт блокталса, электр құралының
электроникасы өшеді. Қайта қосылуда электр
құралын тиісті ретте қайта пайдалану мүмкін.
Жүктелім артуы қалса қозғалтқыш бұзылуына жол
бермеу үшін электр құралы қайта өшеді.
 Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер пайдалану нұсқаулықтарын оқып
түсіну үшін маңызды. Белгілер менен олардың
мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға
көмектеседі.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gsb 14,4 ve-2-li professionalGsb 18 ve-2-li professionalProfessional gsr 14,4 ve-2-liProfessional gsr 18 ve-2-liProfessional gsb 14,4 ve-2-liProfessional gsb 18 ve-2-li ... Show all

Table of Contents