LG G FLEX 2 -H955 User Manual page 267

Table of Contents

Advertisement

Төтенше жағдай қоңыраулары
Төтенше жағдай қоңыраулары ұялы желілердің ешқайсысынан
шалынбай қоюы мүмкін. Сондықтан төтенше қоңыраулар шалу
үшін тек осы телефонға сенім артуға болмайды. Жергілікті қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
Батарея ақпараты және күтімі
Зарядтау алдында батареяның зарядын толық бітіру шарт
емес. Басқа батарея жүйелерінен өзгеше, батареяның
жұмысына қауіп төндіретін жад әсері жоқ.
Тек LG батареялары мен зарядтағыштарын пайдаланыңыз.
LG зарядтағыштары батареяның жарамдылық мерзімін
арттырады.
Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға
болмайды.
Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз.
Алмастырудан бұрын батареяны жүздеген рет зарядтауға
болады.
Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт
қолданылмаған батареяны зарядтаңыз.
Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну
бөлмесі сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші
нұсқауларын орындаңыз. Мүмкін болса, қайта пайдалану үшін
тапсырыңыз. Үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
13

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents