Bluetooth
Bluetooth функциясын құлақаспапқа, дыбыстық жүйелерге қосылу
немесе тіпті маңайдағы құрылғылар арасында деректер алмасу
үшін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Bluetooth мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе қабылданған деректердің
•
жоғалуына, оларды бөтен адамдардың алуына немесе дұрыс
қолданбауына LG компаниясы жауапты емес.
Әрдайым деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен
•
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз.
Құрылғылар арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы
•
қысқартылады.
Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары
•
немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы мүмкін.
Телефонды басқа Bluetooth құрылғысымен жұптау
>
> Қосымшалар қойындысын (қажет болса) > >
1
Желілер қойындысын > Bluetooth тармағын түртіңіз.
Bluetooth функциясын ҚОСУЛЫ күйіне орнатыңыз.
2
Bluetooth ауқымындағы құрылғыларды көру үшін
3
Құрылғыларды іздеу опциясын түртіңіз.
Тізімде жұптау керек құрылғыны таңдаңыз және жұптауды
4
орындау үшін келесі нұсқауларды орындаңыз. Жұптау сәтті
болғанда телефон екінші құрылғыға қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір құрылғыларда, әсіресе, құлақаспаптарда немесе
хэндсфри көлік жинақтарында әдепкі Bluetooth PIN коды болуы мүмкін,
мысалы, 0000.
52
Желілерге және құрылғыларға қосылу