Bosch PFS 3000-2 Original Instructions Manual page 186

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 17
OBJ_BUCH-2024-002.book Page 186 Friday, February 28, 2014 9:28 AM
186 | Қaзақша
сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию
жарақаттану қаупін төмендетеді.
 Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр
құралын тоққа және/немесе аккумуляторға қосуда,
оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі
болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп
тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе
құрылғыны қосулы күйде тоққа қосу, жазатайым
оқиғалға алып келуі мүмкін.
 Электр құралын қосудан алдын реттейтін
аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз.
Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде
тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз
күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ
бақылайсыз.
 Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді
киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты
қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім,
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге
тиюі мүмкін.
 Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды
құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс
пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
 Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
2 609 007 771 | (28.2.14)
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Бүріккіш жүйелер үшін қауіпсіздік
нұсқаулары
 Жұмыс аймағын таза, жарық және бояу немесе
еріткіш ыдыстарынан, шүберектерден және басқа
жанаты материалдардан бос ұстаңыз. Өз оталу
қаупі. Жұмыс өрт сөндіргішін/сөндіргіш аспаптарын
әрдайым қолжетімді ретте ұстаңыз.
 Бүріккіш аймағын желдетуді және бөлмеде
жетерлік таза ауа болуын қамтамасыз етіңіз.
Буланып кеткен өртенгіш ерткіштер жарылуы мүмкін
қоршауды жасайды.
 Жанатын нүктесі 55 °C төмен жатқан
материалдарды бүркітпеңіз және тазаламаңыз. Су,
кем ұшатын көмірсутек немесе ұқсас заттар
негізіндегі материалдарды пайдаланыңыз. Жылдам
ұшатын буланған еріткіштер жарылуы мүмкін болған
қоршауды жаратады.
 Тұрақты электр ұшқандар, ашық алау, оталулар,
ыстық заттар, қозғалтқыштар, шылым және тақ
кабельдерін қосып өшіруден немесе өшіргіштерді
пайдаланудан шығатын ұшқындар аймағында
бүркімеңіз. Осындай ұшқын көздері қоршау оталуына
алып келуі мүмкін.
 Қаупі белгілі болмаған материалдарды
пайдаланбаңыз. Белгісіз материалдар қаупті
шарттарды жаратады.
 Химиялық заттарды бүрку немесе қолдану кезінде
тиісті қорғайтын қолғап пен сақтайтын немесе
газдан сақтайтын маска сияқты қосымша жеке
қорғау жабдықтарын киіңіз. Тиісті шарттарда
қорғайтын жабдықтарды пайдаланып қаупті заттардан
сақтаныңыз.
 Бүріккіш заттардың қауптеріне назар аударыңыз.
Ысдыстағы белгілерге назар аударыңыз немесе
бүріккіш заттардың өндіруші нұсқауларын
ескеріңіз, сонымен бірге жеке сақтайтын
жабдықтарды пайдалану талаптырын да. Өндіруші
нұсқауларын орындау алау, у, концероген т.б. арқылы
жарақаттану қаупін төмендетуі мүмкін.
 Желі айыры мен бүріккіш пистолеттің
түймешесінде бояу мен басқа сұйықтықтар
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents