LG -P895 User Manual page 154

Hide thumbs Also See for LG-P895:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Телефонмен танысу
Экранды құлыптау және құлпын ашу
Телефонды біраз уақыт бойы пайдаланбасаңыз, экран өшеді және автоматты түрде
құлыпталады. Бұл пернелердің кездейсоқ басылып кетуінен сақтайды және батарея
қуатын үнемдейді.
LG-P895 телефонын пайдаланбағанда, телефонды құлыптау үшін Қуат/құлыптау
пернесін
басыңыз.
Егер экранды құлыптауды орнатқанда қандай да бір бағдарламалар қосылған
болса, олар Құлыптау режимінде әлі қосылған болуы мүмкін. Қажетсіз ақы
алынбауы үшін (мысалы, телефон қоңыраулары, Интернетке қосылу және дерек
байланыстары), құлыптау режиміне өтпей тұрып барлық бағдарламалардан шығу
керек.
Телефонды қайта қосу үшін Қуат/құлып пернесін
көрсетіледі. Басты бет экранының құлпын ашу үшін экран құлпын түртіп, кез келген
бағытта сүйреңіз. Соңғы көрсетілген экран ашылады.
Экран құлпын қорғау
Экранды телефонға кіру үшін тек өзіңіз аша алатындай етіп құлыптауға болады.
Құлыпты ашу өрнегін, PIN кодын немесе құпия сөзді бірінші рет орнату үшін:
> Қолданбалар қойындысы > Параметрлер > Экранды құлыптау > Экран
құлпын таңдау > Жоқ, жанап өту, бетті тану арқылы ашу, Өрнек, PIN немесе
Құпия сөз тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ.
Құлыпты ашу өрнегін пайдалану кезінде қадағаланатын сақтық шаралары.
Орнатылған құлыпты ашу өрнегін есте сақтау өте маңызды. Құлып өрнегі 5 рет қате
енгізілсе, телефонды қолдану мүмкін болмайды. Құлыпты ашу өрнегін, PIN кодын
немесе кілтсөзді енгізу үшін 5 мүмкіндік беріледі. Бес мүмкіндіктің барлығын пайдаланып
тастасаңыз, 30 секундтан кейін әрекетті қайталауға болады.
Құлыпты ашу өрнегін еске түсіре алмасаңыз, келесі қадамдарды орындаңыз:
Егер телефоннан Google есептік жазбасына кіріп, өрнекті қатарынан 5 рет дұрыс
енгізе алмасаңыз, «Өрнекті ұмытып қалдым» түймесін түртіңіз. Содан кейін сізден
телефон құлпын ашу үшін Google есептік жазбаңызбен кіру талап етіледі.
Егер телефонда Google есептік жазбасын жасамаған болсаңыз немесе оны ұмытып
қалсаңыз, зауыттық параметрлерді қалпына келтіруіңіз қажет.
12
басыңыз. Құлыптаулы экран

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents