LG -P895 User Manual page 145

Hide thumbs Also See for LG-P895:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

пайдаланатын ретпен қолданбалар мен қызметтер көрсетіледі.
3. Қалталарды пайдалану
Қалтада бірнеше қолданба белгішелерін біріктіруге болады. Бастапқы экранда
бір қолданба белгішесін екіншісінің үстіне апарып тастаңыз, сонда екі белгіше
біріктіріледі.
4. Бастапқы коды ашық қолданбаны және амалдық жүйені
орнату алдында
АБАЙЛАҢЫЗ!
Өндіруші ұсынғаннан басқа амалдық жүйені орнатсаңыз және пайдалансаңыз, телефон
жұмысында ақаулық пайда болуы мүмкін. Бұған қоса, телефон кепілдігі жарамсыз болады.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Телефонды және жеке деректерді қорғау үшін, қолданбаларды тек Play Store™ сияқты
сенімді ресурстардан жүктеп алыңыз. Телефонда дұрыс орнатылмаған қолданбалар бар
болса, телефон дұрыс жұмыс істемеуі немесе өрескел қате орын алуы мүмкін. Телефоннан
сол қолданбаларды және оның деректері мен параметрлерінің барлығын жою керек.
5. Құлыпты ашу үлгісін пайдалану
Телефонды қорғау үшін құлыпты ашу үлгісін орнатыңыз.
қойындысы > Баптаулар > Экранды құлыптау тармағын таңдаңыз. Бұл экранды
құлыптау өрнегін салу бойынша нұсқаулар беретін экранды ашады. Құлыптау
өрнегін ұмытып қалған жағдайда сақтық шарасы ретінде Сақтық PIN кодын
жасауыңыз қажет.
Ескерту: Құлыпты ашу өрнегін орнатар алдында Google есептік жазбасын жасап, құлыптау
өрнегін жасау кезінде жасалған Сақтық PIN кодын есте сақтап алыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Құлыпты ашу өрнегін пайдалану кезінде қадағаланатын сақтық шаралары.
Орнатылған құлыпты ашу өрнегін есте сақтау өте маңызды. Құлып өрнегі 5 рет қате
енгізілсе, телефонды қолдану мүмкін болмайды. Құлыпты ашу өрнегін, PIN кодын
немесе кілтсөзді енгізу үшін 5 мүмкіндік беріледі. Бес мүмкіндіктің барлығын пайдаланып
тастасаңыз, 30 секундтан кейін әрекетті қайталауға болады.
Өрнекті, PIN кодын немесе кілтсөзді еске түсіре алмаған кезде:
< Өрнекті ұмытып қалсаңыз >
Егер телефоннан Google есептік жазбасына кіріп, үлгіні қатарынан 5 рет дұрыс
енгізе алмасаңыз, телефон экранының төменгі жағындағы «Forgot Pattern» (Үлгіні
> Қосымшалар
3

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents