Негізгі Экран; Сенсорлы Экран Кеңестері - LG -E988 User Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 405
Негізгі экран
Сенсорлы экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту - саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте
жолдарды және экрандық пернетақтадағы әріптерді таңдайды.
Түрту және ұстап тұру - экрандағы элементті түрту және ұстап
тұру, түрту және әрекет орындалғанша саусақты көтермеу.
Мысалы, контактінің қол жетімді опцияларын ашу үшін
Контактілер тізіміндегі контактіні мәтінмәндік мәзір ашылғанша
түртіп, ұстап тұрыңыз.
Сүйреу - элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты
көтерместен, саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда
жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда элементтерді
сүйреуге болады.
Жанап өту немесе сырғыту - жанап өту үшін бірінші тигенде
кідірместен саусақты экранда тез жылжытыңыз (элементті
сүйремейсіз). Мысалы, экранды жоғары немесе төмен жанап
өтіп тізімді айналдыруға я болмаса солдан оңға (және керісінше)
жанап өту арқылы әр түрлі негізгі экрандарды шолуға болады.
Екі рет түрту - веб-бетті немесе картаны үлкейту үшін екі рет
түртіңіз. Мысалы, веб-беттің бөлімін тез екі рет түртіп, сол бөлімді
экран еніне сыятындай етіп реттеңіз. Суретті көріп отырып,
үлкейту және кішірейту үшін екі рет түртуге де болады.
Масштабтау үшін шымшу - шымшу немесе ашу қозғалысында
сұқ саусағыңыз бен бас бармағыңызды пайдаланып, шолғышты,
Карталар бағдарламасын пайдаланып жатқанда немесе
суреттерді шолу кезінде үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз.
Экранды бұру - көп қолданбалар мен мәзірлерде экранның
бағдары құрылғының физикалық бағдарына сай реттеледі.
30

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents