Lenovo PHAB Plus PB1-770M Safety, Warranty & Quick Start Manual page 23

Hide thumbs Also See for PHAB Plus PB1-770M:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Қазақша
Lenovo PHAB Plus құрылғысын пайдаланбай тұрып осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз.
Lenovo PHAB Plus құрылғысын пайдалану
алдында
Алдымен оқып шығыңыз-Нормативтік ақпарат
Сымсыз байланыспен жабдықталған планшет үлгілері сымсыз пайдалануға
бекітілген кез келген елдің немесе аймақтың радио жиілік жəне қауіпсіздік
стандарттарына сай келеді. Бұған қоса, өнімде телекоммуникациялық модем
бар болса, ол сіздің елдегі телефон желісіне қосу талаптарына сай.
Құрылғыда бар сымсыз құрылғыларды пайдаланбай тұрып сіздің елге немесе
аймаққа арналған Нормативтік ескертуді оқып шығыңыз. Нормативтік ескертудің
PDF нұсқасын алу үшін төмендегі «Жарияланымдарды жүктеу» бөлімін қараңыз.
Қолдау алу
Желілік қызмет жəне шот ұсыну бойынша қолдау алу үшін сымсыз желі
операторына хабарласыңыз. Құрылғыңызды пайдалану əдісін білу жəне оның
техникалық сипаттамаларын көру үшін, келесі сайтқа өтіңіз:
http://support.lenovo.com.
Жарияланымдарды жүктеу
Жарияланымдардың электрондық нұсқалары мына сайтта қолжетімді:
http://support.lenovo.com. Құрылғыңызға жарияланымдарды жүктеп алу үшін,
http://support.lenovo.com сайтына өтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығына қатынасу
Пайдаланушы нұсқаулығы құрылғы туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтиды.
Пайдаланушы нұсқаулығын алу үшін http://support.lenovo.com сайтына өтіп,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Тиісті хабарламалар
Lenovo жəне Lenovo логотипі Қазақстандағы, өзге елдердегі немесе екеуіндегі
Lenovo сауда белгілері болып табылады.
Басқа компания, өнім немесе қызмет атаулары басқа компаниялардың сауда
белгілері немесе қызметтік белгілері болуы мүмкін.
Dolby Laboratories лицензиясы бойынша жасалған. Dolby, Dolby Atmos жəне қос D
таңбасы — Dolby Laboratories компаниясының сауда белгілері.
ШЕКТЕУЛІ ЖƏНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ҚҰҚЫҚТАР ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ: Егер
деректер мен бағдарламалық жасақтама General Services Administration (GSA)
келісімшартына сай жеткізілсе, қолдану, көшірмелерді жасау немесе ашу
GS-35F-05925 келісімшартында көрсетілген шектеулер қолданылады.
21

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents