Lenovo PHAB Plus PB1-770M Safety, Warranty & Quick Start Manual page 27

Hide thumbs Also See for PHAB Plus PB1-770M:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Қауіпсіздік жəне пайдалану туралы маңызды
ақпарат
Пластикалық қалта туралы ескертпе
ҚАУІПТІ: Пластикалық қалталар қауіпті болуы мүмкін. Тұншығу қаупін
болдырмау үшін, пластикалық қалтаны кішкентай балалардың қолы жетпейтін
жерде ұстаңыз.
Бекітілген қайта қуатталатын батарея туралы ескерту
ҚАУІПТІ: Ішкі литий-иондық батареяны ауыстыруға тырыспаңыз. Зауыттық
ауыстыру үшін Lenovo қолдау көрсету бөлімімен байланысыңыз.
Поливинилхлорид (ПВХ) кабелі мен сымының нұсқаулығы
ЕСКЕРТУ: Осы өнімдегі сымды немесе осы өніммен жеткізілетін
аксессуарлармен байланысты сымдарды ұстаған кезде сіз қорғасынмен
байланысқа түсесіз, ол Калифорнияда штатында рак жəне туа біткен
ауытқулар немесе репродуктивті функцияның өзге ауытқушылықтарын
туындататын химиялық зат ретінде белгілі. Телефонды ұстағаннан соң
қолыңызды жуыңыз.
Есту қабілетін зақымданудан сақтау
Құрылғының құлаққап қосқышы бар. Құлаққап (гарнитура деп те аталады)
үшін əрқашан құлаққап қосқышын қолданыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құлаққаптан шығатын шамадан тыс қысым есту
қабілетінің жоғалуына əкеп соқтыруы мүмкін. Егер эквалайзер
максималды өсу күйіне келтірілсе, құлаққапқа жоғары кернеу мен
дыбыстың қысымының деңгейі беріледі. Сондықтан, есту жүйесін
зақымданудан сақтау үшін, эквалайзерді тиісті деңгейде реттеңіз.
Егер құлаққаптың шығыс параметрлері EN 50332-2 спецификациясына сəйкес
болмаса, құлаққапты ұзақ уақыт бойы жоғары дыбыс деңгейінде шамадан тыс
пайдалану қауіпті болуы мүмкін.
Құрылғының құлақаспап шығысының қосқышы EN 50332-2 стандартының
7-тармақшасына сай келеді. Бұл спецификация құрылғының ең кең
диапазонының шын RMS шығыс кернеуін 150 мВ етіп шектейді. Есту қабілетін
жоғалтудан сақтау үшін, құлаққаптардың 75 мВ кернеулі кеңжиекті сиапттамасы
бар, EN 50332-2 (7-класс шектеулері) спецификациясына сəйкес екендігіне көз
жеткізіңіз. EN 50332-2 стандартына сəйкес келмейтін құлаққаптарды қолдану
олардың дыбыс қысымының жоғарғы деңгейіне байланысты қауіпті болуы мүмкін.
Егер құрылғы құлаққаптармен жиынтық ретінде келсе, құлаққаптар жəне құрылғы
тіркесімі EN 50332-1 техникалық сипаттамаларына сəйкестендірілген. Егер бөлек
құлаққаптарды қолдансаңыз, EN 50332-1 комбинацияларына сəйкестігін
тексеріңіз (6.5 тармақтың шектеу мəндері). EN 50332-1 құлаққаптарды қолдану
олардың дыбыс қысымының жоғарғы деңгейіне байланысты қауіпті болуы мүмкін.
Бұл құрылғы 5,15 - 5,35 ГГц жиілік диапазонында жұмыс істегенде бөлмеде
пайдаланылуына тыйым салынады.
25

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents