Philips SC1992 User Manual page 30

Hide thumbs Also See for SC1992:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША
30
-
қан айналымыңыз дұрыс болмағанда;
-
иммуносуппрессорлық аурумен (оның ішінде АИВ немесе ЖИТС)
ауырғаныңызда.
Егер төменде берілген дәрілердің біреуін қабылдап
жүрсеңіз, құралды ешқашан пайдаланбаңыз:
-
теріңізге қазір альфагидроқышқыл (АГҚ), бетагидроқышқыл (БГҚ),
жергілікті изотретиноин және азелаинды қышқыл қолданылып
жатқанда немесе қолданылғанда;
-
Соңғы алты айда Accutane
изотретиноинның кез келген түрін ішкенде. Ондай кезде теріңіз
жарылуға, жараларға және қышынуға бейім болуы мүмкін.
-
терінің ыстыққа сезімталдығын төмендететін ауруды басатын дәріні
қабылдаған кезде;
-
жарыққа сезімтал құралдарды не дәрілерді қабылдап жүрсеңіз, дәрінің
қаптамасын тексеріңіз және жарыққа аллергия, жарыққа қарсы
реакция берілетіні туралы айтылса немесе бұл дәріні қабылдаған
кезде күннің көзіне шықпау керек болса, құралды пайдаланбаңыз;
-
Егер Lumea құрылғысының көмегімен әр өңдеудің алдында кемінде
бір апта бұрын пайдалануды тоқтату мүмкін болмай, коагуляцияға
қарсы дәрілерді ішсеңіз, соның ішніде, аспиринді көп пайдалансаңыз.
-
иммуносупрессорлық дәрілерді ішкен кезде;
Ешқашан құралды мына аумақтарға пайдаланбаңыз:
-
Бетте.
-
Емшектерде, ареолаларда, шағын жыныстық еріндерде, қынапта,
артқы тесікте және танаулардың және көздердің ішніде.
«Құрылғыны пайдалану» тарауын, «Құрылғыны бикини аумағында
пайдалану» бөлімін қараңыз.
-
Ер адамдар оны ұмада немесе бетінде пайдаланбауы керек.
-
силикон имплантат, кардиостимулятор, тері астына дәрі (инсулин дәрісі)
егу немесе пирсинг сияқты жасанды жердің үстіне немесе жанына;
-
Дәрігеріңізбен ақылдаспай меңдерге, секпілдерге, үлкен тамырларға, қою
пигментті жерлерге, тыртықтарға немесе тері ақаулықтарына. Мұның
нәтижесінде теріңіз күйіп қалып, түсін өзгертуі мүмкін, ал ол болса теріге
қатысты ауруларды (мысалы, тері обыры) анықтауды қиындатады.
-
сүйелдерге, дене суреттеріне немесе күнделікті косметикаға. Оның
нәтижесінде терінің күюі және түсін өзгертуі (гипопигменттеу не
гиперпигменттеу) мүмкін.
-
Ұзаққа жететін дезодоранттар пайдаланылатын жерлерге. Оның
нәтижесінде теріде реакциялар болуы мүмкін. «Құралды пайдалану»
тарауының «Ықтимал кері әсерлері және тері реакциялары» бөлімін
қараңыз.
Күннен қарайған, жақында (соңғы 2 аптада) қарайған немесе жасанды
қарайған теріге құрылғыны ешқашан пайдаланбаңыз
-
Барлық қараю түрлері түкті алудың қауіпсіздігіне ықпал етуі мүмкін.
Ол табиғи күн сәулесіне және қарайту лосьондары, қарайту
құралдары, т.б. сияқты жасанды қарайту әдістеріне қатысты. Егер
сіз қарайсаңыз немесе қараюды жоспарлап жүрсеңіз, «Пайдалануға
дайындау» тарауының «Қараю кезіндегі кеңес» бөлімін қараңыз.
Ескертпе. Бұл тізім толық емес. Егер құралды пайдалану жағынан
сенімсіз болсаңыз, дәрігерден сұрауға кеңес береміз.
немесе Roaccutance
®
сияқты
®

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Sc1991

Table of Contents