Philips PTA518 Manual page 35

Active 3d glasses
Hide thumbs Also See for PTA518:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
2 минут бойы 3D сигналын алмаса, 3D
көзілдірігі автоматты түрде өшеді.
Батарея деңгейі
Батарея деңгейін 3D көзілдірігін қосқанда
тексеріп алуға болады.
• ЖШД шамы 4 секунд тоқтамай жасыл
болып жанып тұрса, көзілдірікті 3 сағат
немесе одан ұзақ қолдануға болады.
• Егер ЖШД шамы 4 секунд
жыпылықтаса, 3 сағаттан аз 3D көру
уақыты қалады.
3D көзілдірігін зарядтау
B суретін қараңыз.
Көзілдірікті зарядтау үшін, шағын USB
қосқышын жалғаңыз, стандартты USB
қосқышын теледидарға, компьютерге
немесе USB хабына жалғаңыз. Зарядтау
үшін теледидар немесе компьютер
қосылған болуы керек.
Батареяны зарядтау кезінде ЖШД
шамы батарея толық зарядталғанша
қызыл болып жанады. Босаған батареяны
зарядтауға 3 сағатқа дейін кетуі мүмкін.
Толық зарядталған батарея 80
сағат 3D көруге мүмкіндік береді.
Екі ойыншымен ойнау
Осы көзілдірікпен екі ойыншыға арналған
ойындарды ойнауға болады. Екі ойыншы
бір теледидарды қосып, бір ойынның екі
бөлек көрінісін көре алады.
1-ойыншы немесе 2-ойыншы экрандарын
ауыстырып қосу үшін, 1- немесе
2-ойыншыны таңдау пернесін басыңыз.
Көзілдірікті 1-ойыншы немесе 2-ойыншы
экранын көруге ауыстыру үшін көзілдірікті
қосып, «On» (Қосу) пернесін қайталар
баса беріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін, теледидардың
«Home» (Басты) мәзіріндегі «Help»
(Анықтама) тармағын ашыңыз.
Көзілдіріктің күтімі
• Линзаларға сызат түсірмеу үшін таза,
жұмсақ шүберек (ұсақ талшықты немесе
мақта шүберек) пайдаланыңыз. Тазалағыш
затты 3D көзілдірігіне тікелей бүркемеңіз.
Бұл электроникаға зақым келтіруі мүмкін.
• Құрамында спирт, еріткіш, сурфактант,
парафин, бензин, масалардан қорғау
құралы немесе майлайтын құралы
бар тазалағыш химиялық құралдарды
пайдаланбаңыз. Бұл химиялық құралдарды
пайдаланса, көзілдіріктің түсі солуы
немесе ол жарылуы мүмкін.
• 3D көзілдірігін күн сәулесі тікелей
түсетін, ыстық, отты немесе сулы жерде
сақтамаңыз. Өнім дұрыс істемеуі немесе
өрт шығуы мүмкін.
• 3D көзілдірігінің линзаларын түсіріп
алмаңыз, майыстырмаңыз немесе оларға
күш түсірмеңіз.
35

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents