Metabo BS 14.4 Quick Original Instructions Manual page 67

Table of Contents

Advertisement

металдар, асбест.
Тәуекел пайдаланушыға немесе айналадағы
тұлғаларға тиетін жүктеме әсерінің ұзақтығына
тәуелді болып келеді.
Бөліктердің денеге енуін болдырмаңыз.
Мұндай материалдардың жүктемесін азайту
үшін: жұмыс орнында жеткілікті желдетуді
қамтамасыз етіңіз және өте ұсақ бөліктерді
сүзуге қабілетті респираторлар сияқты арнайы
қорғаныс жабдығын тағыңыз.
Материалыңыз, жеке басыңыз, жұмыс жағдайы
мен жұмыс орны үшін жарамды
директиваларды сақтаңыз (мысалы, еңбекті
қорғау ережелері, кәдеге жарату).
Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде
жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол
бермеңіз.
Арнайы жұмыстар үшін жарамды керек-
жарақтарды пайдаланыңыз. Осылайша
қоршаған ортаға бақылаусыз түсетін
бөліктердің мөлшері азайтылады.
Арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Шаң жүктемесін азайту үшін:
- пайда болатын бөліктерді және аспаптың ауа
ағынын өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға
немесе жатқан шаңға бағыттамаңыз,
- сорғыш қондырғыны және/немесе ауа
тазалағышты қолданыңыз,
- жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз немесе
сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап
жатқан шаңды сыпырыңыз немесе үрлеп
шығарыңыз.
- Қорғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын
сорыңыз. Үрлеуге, қағуға немесе қылшақпен
тазалауға болмайды.
Литий-иондық аккумуляторларды
тасымалдау:
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау
қауіпті заттар заңдарына (UN 3480 және UN
3481) бағынады. Литий-иондық
аккумуляторларды тасымалдау кезінде
қолданыстағы ережелерді біліп алыңыз. Қажет
болса, тасымал компаниясынан мәлімет
алыңыз. Сертификатталған орауышты Metabo
компаниясынан алуға болады.
Аккумуляторларды корпусы зақымдалмаған
және сұйықтық ақпаған жағдайда ғана жіберіңіз.
Аккумуляторды жіберу үшін аспаптан шығарып
алыңыз. Контактілерді қысқа тұйықталудан
қорғаңыз (мысалы, жабысқақ таспамен
оқшаулаңыз).
5. Шолу
2-бетті қараңыз.
1 Бұрғылау патроны / бұрғылау патронының
төлкесі*
2 Реттегіш патрон (айналу моментінің
шектегіші, максималды айналу моменті) *
3 Реттегіш патрон
(бұрандалар, бұрғылау, соққымен бұрғылау)
*
4 Реттегіш патрон
(айналу моментінің шектегіші) *
5 Жылжымалы ауыстырып-қосқыш (1/2
сатылы)
6 Белдік ілмектері
7 Айналу моментін ауыстырып-қосқыш
(айналу моментін реттеу, тасымалдау
қорғанысы)
8 Шүріппелі ауыстырып-қосқыш
9 Тұтқыш
10 Жарық диодты шам
11 Аккумуляторды құлыптан босату тетігі
12 Аккумулятор *
13 Қуаттылық және сигнал индикаторы *
14 Қуаттылық индикаторының түймесі *
* жабдықталуына байланысты
6. Пайдалану
6.1
Аспаптың көп функциялы бақылау
жүйесі
Егер аспап өздігінен өшіп қалса, бұл
автоматты қорғаныс режимінің
электроникасы іске қосылғанын білдіреді.
Ескерту сигналы беріледі (ұзақ шырылдайды).
Сигнал ең көбі 30 секундтан кейін немесе
шүріппелі ауыстырып-қосқышты (8) жібергеннен
кейін сөнеді.
Осы қорғаныс функциясына қарамастан,
белгілі бір қолданыс барысында жүктеме
пайда болып, аспапқа зақым келтіруі мүмкін.
Себептер және көмек:
1. Аккумулятор заряды жылдам таусылады
(электроника терең заряд босату арқылы
аккумуляторды зақымдалудан қорғайды).
Жарық диодты шам (13) жыпылықтаса, бұл
аккумулятор зарядының толығына жуық
таусылғанын білдіреді. Қажет болса, түймені
(14) басыңыз және жарық диодты шамдағы
(13) заряд деңгейін тексеріңіз. Егер
аккумулятор заряды жылдам таусылса, оны
қайта зарядтау керек!
2. Аспапқа ұзақ мерзімді жүк түсіру
температуралық өшуге апарып соғады.
Аспапты немесе аккумуляторды суытыңыз.
Нұсқау: Аспап бос жүрісте жұмыс істеген
кезде жылдамырақ суып қалады.
3. Тым жоғары ток қуаты болған жағдайда
(мысалы, ұзақ мерзімді бұғаттаудан) аспап
өшеді.
Аспапты шүріппелі ауыстырып-қосқыш (8)
арқылы өшіріңіз. Сонан соң жұмысты
жалғастырыңыз. Кейінгі бұғатталуға жол
бермеңіз.
6.2
Аккумулятор
Аккумуляторды пайдалану алдында
зарядтаңыз.
ҚАЗАҚША kk
67

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Bs 14.4Bs 18Bs 18 quickSb 18

Table of Contents