LG LA98 Series Owner's Manual page 106

Hide thumbs Also See for LA98 Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 31
8
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
y Қашықтан басқару құралының сигналына күн сәулесі немесе
басқа күшті жарық кедергі тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда
бөлмені күңгірттеңіз.
y Бейне ойын консольдері сияқты сыртқы құрылғыларды жалғау
алдында жалғау кабельдерінің ұзындығы жеткілікті екенін
тексеріңіз.
Әйтпесе, өнім құлап немесе аударылып, жарақаттауы немесе
өнімді зақымдауы мүмкін.
y Өнімді қуат сымын қабырға розеткасына қосу немесе шығару
арқылы қосып/өшірмеңіз. (Штепсельдік ұшты қосқыш ретінде
пайдаланбаңыз.)
Бұл механикалық ақаулық немесе сымнан электр тогының
соғуына әкелуі мүмкін.
y Өнімнің шамадан тыс қызуын болдырмау үшін төмендегі
орнату туралы нұсқауларды орындаңыз.
- Өнім мен қабырғаның арасындағы қашықтық 10 cм көбірек
болуы керек.
- Өнімді желдетілмейтін жерге (мысалы, кітап сөресіне
немесе шкафқа) қоймаңыз.
- Өнімді кілем немесе жастық үстіне орнатпаңыз.
- Ауа тесігін төсемнің немесе перденің жауып тұрмағанын
тексеріңіз.
Әйтпесе, бұл өртке әкелуі мүмкін.
y Теледидарды ұзақ уақыт қарап отырған кезде желдеткіш
тесіктеріне қолыңызды тигізбеңіз, себебі олар ыстық болуы
мүмкін. Бұл өнімнің жұмыс жағдайына әсер етпейді.
y Құрылғының сымын жиі тексеріп тұрыңыз. Егер ол зақымдалғанын немесе
бұзылғанын көрсеңіз, сымды ажыратып, құрылғыны бұдан әрі пайдаланбаңыз
және сымды өкілетті қызмет көрсету маманынан дәл сондай сымға ауыстырып
алыңыз.
y Штепсельдік ұшта немесе розеткада шаң жиналуын
болдырмаңыз.
Бұл өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
y Қуат сымын орау, бұрмалау, қысу, есікпен жабу немесе үстінен
басу секілді физикалық немесе механикалық зақым тиюден
қорғаңыз. Штепсельдерге, розеткаларға және құрылғыдан сым
шығатын жерге ерекше көңіл бөліңіз.
y Панелін қолыңызбен немесе тырнақ, қарындаш немесе қалам
секілді өткір затпен қатты баспаңыз немесе үстін сырмаңыз.
y Экранды ұзақ уақыт ұстамаңыз немесе саусақты (саусақтарды)
тигізбеңіз. Олай істегенде, экранда уақытша бұрмалану орын
алуы мүмкін.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents