Hilti TE 4-22 Instruction Manual page 229

Cordless sds rotary hammer
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
TE DRS-4⁄6 (01) шаңсорғыш модулі керек-жарақ ретінде шаңсыз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін
ұсынылады.
Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-сайттан
табуға болады: www.hilti.group
3.4
ATC
Өнім электрондық апаттық тоқтату құралымен ATC (Active Torque Control) жабдықталған.
Егер алмалы-салмалы аспап бұғатталса немесе қысылып қалса, өнім кенеттен кері бағытпен
бақылаусыз айнала бастайды. ATC өнімнің мұндай кенет айналу қозғалысын анықтап, өнімді бірден
тоқтатады.
Өнім қалыпты жұмыс істеуі үшін айналу мүмкіндігін сақтауы тиіс.
Жылдам өшіру орындалған соң, өнімді өшіріп қайта қосыңыз.
3.5
Қозғалтқыш қорғанысы
Өнім қозғалтқыш қорғанысымен жабдықталған. Ол қуат тұтынылуын және қозғалтқыштың қызуын
бақылайды және өнімді қызып кетуден қорғайды.
Тым жоғары басу қысымының салдарынан қозғалтқышқа шамадан тыс жүктеме түскенде, қуат
айтарлықтай төмендейді, нәтижесінде өнім тоқтап қалуы мүмкін.
Шамадан тыс жүктемеден аспап тұрып қалған не айналу жылдамдығы азайған жағдайда өнімге түсетін
жүктемені азайту және оны шамамен 30 секунд ішінде бос жүріспен жұмыс істету керек.
3.6
Li­Ion аккумуляторының индикаторлары
Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторлары аккумуляторлардың заряд деңгейін, ақаулық туралы хабарларын
және күйін көрсете алады.
3.6.1
Заряд деңгейінің және ақаулық туралы хабарлардың индикаторлары
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі аккумулятордың құлауынан!
▶ Аккумулятор енгізілген кезде, құлыптан босату түймесін басқаннан кейін аккумулятордың
пайдаланылатын өнімге тиісінше бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Төмендегі индикация көрсеткіштерінің біріне қол жеткізу үшін аккумулятордың құлыптан босату түймесін
қысқаша басыңыз.
Заряд деңгейі және ықтимал ақаулықтар жалғанған өнім қосылып тұрған кезде үздіксіз көрсетіледі.
Құралдың бөлшектерi
Төрт (4) жарық диоды жасыл түспен тұрақты
жанып тұр
Үш (3) жарық диоды жасыл түспен тұрақты
жанып тұр
Екі (2) жарық диоды жасыл түспен тұрақты
жанып тұр
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен тұрақты
жанып тұр
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен баяу
жыпылықтайды
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен жылдам
жыпылықтайды
*2265062*
Сипаттамасы
Заряд деңгейі: 100% және 71% аралығында
Заряд деңгейі: 70% және 51% аралығында
Заряд деңгейі: 50% және 26% аралығында
Заряд деңгейі: 25% және 10% аралығында
Зарядтау күйі: < 10%
Li-Ion аккумуляторының заряды толықтай
таусылды. Аккумуляторды зарядтаңыз.
Жарық диоды аккумуляторды зарядтағаннан
кейін сонда да жылдам жыпылықтаса, Hilti
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
2265062
Қазақ
223

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents