Sony LMD-X2705MD Manual page 129

Hide thumbs Also See for LMD-X2705MD:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
Ескерту
Электрхирургиялық пышақпен,
т.б. бір уақытта пайдаланған
кезде
Құрылғыны электрхирургиялық пышақпен, т.б.
бірге пайдаланса, құрылғыдағы қатты радио
толқындар немесе кернеулер нəтижесінде суреттің
бұзылуы, бұрмалануы не болмаса дұрыс
көрсетілмеуі мүмкін. Бұл ақау емес.
Құрылғыны қатты радио толқындар мен кернеу
шығаратын құрылғымен бірге пайдалансаңыз,
мұндай құрылғыларды пайданбас бұрын əсерін
тексеріңіз жəне радио толқын кедергісін
азайтатындай етіп орнатыңыз.
Бірнеше құрылғыларды
пайдалануға арналған кеңес
Мониторды адамның, мүліктің немесе тұрақты
суреттің қауіпсіздігін бақылау үшін немесе төтенше
жағдайлар үшін пайдаланған кезде мониторда
мəселе туындауы мүмкін болғандықтан, бірнеше
құрылғыны пайдаланыңыз немесе қосымша
құрылғыны дайындап қойыңыз.
Тазалауға қатысты
Тазалаудан бұрын
Айнымалы ток адаптерінің сымын розеткадан
ажыратыңыз.
Мониторды тазалауға қатысты
СКД мониторын медициналық мақсатта
пайдаланған жағдайда алдыңғы қорғау тақтасына
инфекцияға қарсы материал пайдаланылады. Қорғау
тақтасының беті жарықтың шағылысуын азайту
үшін арнайы өңделген. Қорғау бетіне/монитордың
бетіне бензин, еріткіш, қышқыл, сілті, қырғыш
құрал немесе химиялық тазарту шүберектері сияқты
құралдар пайдаланылса, монитордың жұмысы
бұзылады немесе беттің жылтыры зақымдалады.
Мыналарға қатысты абай болыңыз:
Қорғау тақтасының бетін/монитордың бетін 50 -
70 к/к% изопропил спиртінің концентратымен
немесе 76,9 - 81,4 к/к% этанол концентратымен
сүртіп тазалаңыз. Қорғау тақтасының бетін
ақырын сүртіңіз (1 Н күштен аз күш жұмсап
сүртіңіз).
Тұрып қалған дақтар жұмсақ еріткішпен
ылғалдандырыла отырып, тазартқыш шүберекпен
ысқылап, содан кейін үстінен пайдаланылатын
химиялық еріткішті пайдалану арқылы кетіріледі.
Тазалау немесе дизинфекция үшін бензин,
еріткіш, қышқыл, сілті, қырғыш құрал немесе
химиялық тазарту шүберектері сияқты
құралдарды ешқашан пайдаланбаңыз, себебі олар
қорғау тақтасының/монитордың бетін
зақымдайды.
Қорғау тақтасының/монитордың бетін бүлінген
шүберекпен сүрткен кезде артық күш
пайдаланбаңыз. Қорғау тақтасының/монитордың
беті сызылуы мүмкін.
Қорғау тақтасының/монитордың бетін резеңкеге
немесе винил резеңкеге көп уақыт тигізіп
ұстамаңыз. Беттің жылтыры нашарлауы немесе
қабаты түсіп қалуы мүмкін.
Құрылғының жарамдылық
мерзімін ұзарту үшін
Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын жағдайда,
жұмыс өнімділігін сақтау үшін қуатты өшіріңіз.
Бұл жабдықты АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ қосу
кезіндегі ЖАУАПТЫ ҰЙЫМ
ескертулері
– PEMS құралын басқа жабдықты қамтитын
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ қосу
салдарынан ЕМДЕЛУШІЛЕР, ОПЕРАТОРЛАР
немесе үшінші тараптарға белгісіз ҚАУІПТЕР
туындауы мүмкін;
– ЖАУАПТЫ ҰЙЫМ бұл ҚАУІПТЕРДІ анықтауы,
сараптауы, бағалауы жəне басқаруы керек;
– АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ
енгізілетін кейінгі өзгертулер жаңа ҚАУІПТЕР
білдіріп, қосымша сараптауды қажет етуі мүмкін;
жəне
– АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІ
өзгертулерінде қамтылғандар:
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІ
конфигурациясындағы өзгертулер;
қосымша элементтерді АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ қосу;
элементтерді АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
ЖЕЛІСІНЕН желісінен ажырату;
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ
қосылған жабдықты жаңарту жəне
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ
қосылған жабдықтың нұсқасын жаңарту.
11
KZ
Ескерту

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lmd-x2700md

Table of Contents