Bosch Professional GSR 18V-60 FC Original Instructions Manual page 144

Hide thumbs Also See for Professional GSR 18V-60 FC:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
OBJ_BUCH-3249-001.book Page 144 Friday, December 15, 2017 12:04 PM
144 | Қазақша
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
 Аккумулятор жарты зарядталған күйде жеткізіледі.
Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны
алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.
 Зарядтау құрылғысының пайдалану нұсқаулығын
оқыңыз.
 Беріліс ауыстырып-қосқышын тек электр құралы
тоқтаған соң пайдаланыңыз.
 Беріліс ауыстырып-қосқышын немесе пайдалану
түрінің ауыстырып-қосқышын тірелгенше
жылжытыңыз немесе айналдырыңыз. Әйтпесе
электр құралын зақымдау мүмкін.
 Электр құралын (мысалы қызмет көрсету,
аспаптарды алмастыру т.б.) пайдалануда және
оларды тасымалдау және сақтауда айналу
бағытының реттеушісін орта күйге жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
 Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 үшін
пайдалану нұсқаулығын оқыңыз.
 Абай болыңыз! Электр құралын Bluetooth® пен
пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ
және медициналық құралдар (мысалы,
кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында
кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын
тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру
қаупін толық жою мүмкін емес. Электр құралын
Bluetooth® пен медициналық құралдар, бензин
колонкалар, химиялық жабдықтар, жарылу қауіпі
бар аймақтар және жарылатын аймақтар
жақынында пайдаланбаңыз. Bluetooth® бар электр
құралын ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын
аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
 Жылдам өші (Kickback Control) электр құралын
жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылай
пайдаланушы қорғанысын да күшейтіреді Kickback
Control-сыз электр құралдарымен салыстырғанда.
Кездейсоқ және күтілмеген ретте электр құралы
бұрғы айналасында айналса электр құралы өшеді.
Bluetooth® сөз белгісі сурет белгісімен (логотиптер)
бірге Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген
тауарлық белгісі және мүлігі болып табылады. Осы
сөз/сурет белгісін Robert Bosch Power Tools GmbH
арқылы пайдалану лицензия негізінде орындалады.
1 609 92A 3Y7 | (15.12.17)
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Бұл электр құралы бұрандаларды бұрап бекіту және бұрап
босату, сондай-ақ, ағаш, метал және пластмассаны
бұрғылауға арналған.
Электр құралын (GFA 18-W) бұрыштық бұрғылау
қондырмасымен, (GFA 18-WB) бұрыштық бұрғылау
қондырмасымен, (GFA 18-E) эксцентрлі қондырмасымен,
(GFA 18-B) патрондық қондырмасымен немесе
(GFA 18-M) металды патронмен пайдалануға болады.
Осы элекр құралының жарығы электр құралының тікелей
жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде
бөлмені жарықтандыруға арналмаған.
Электр құралының деректері мен параметрлерін
Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 орнатылғанда
Bluetooth® радиотехнологиясы электр құралы мен
мобильды соңғы құрылғы арқылы тасымалдауға болады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қысқыш
2 Айналдыру моментін орнату сақинасы
3 Беріліс ауыстырып-қосқышы
4 Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 қаптамасы
5 Аккумулятор
6 Аккумуляторды босату түймесі
7 Жұмыс жарықтығы
8 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы
9 Қосқыш/өшіргіш
10 Металды патрон қондырмасы GFA 18-M*
11 Патрон қондырмасы GFA 18-B*
12 Бұрыштық бұрғылау қондырмасы GFA 18-W*
13 Эксцентрлі қондырмасыGFA 18-E*
14 Бұрыштық бұрғылау қондырмасы GFA 18-WB*
15 Бекіткіш шеңбер
16 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents