LG PH67 series Owner's Manual page 87

Plasma tv
Hide thumbs Also See for PH67 series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 24
ЕСКЕРТУ
Көру ортасы
y Көру қашықтығы
- 3D пішіміндегі бейнелерді экран диагоналінің ұзындығынан екі еселік қашықтықта көруді
ұсынамыз. 3D мазмұнды көргенде ыңғайсыздықты сезінсеңіз, теледидардан алыстау
отырыңыз.
y Көру күйі
- Экранның ортасына көз деңгейінде, басты тік алға қаратып қараңыз. Әйтпесе, 3D мазмұнды
тиісті түрде көрмеуіңіз мүмкін.
Көру жасы
y Сәбилер/балалар
- 6 жастан төмен балалар үшін 3D мазмұнды пайдалану/көруге тыйым салынады.
- 10-нан төмен жастағы балалар шамадан тыс жауап береді және тым әсерленеді, өйткені
олардың көздері жетілуде (мысалы: экранды түрту әрекеті немесе оған секіру әрекеті. 3D
мазмұнды көріп отырған балаларға ерекше назар аудару керек.
- Балалардың 3D көрсетілімдердегі бинокулярлық диспараттығы үлкендерден жоғарырақ,
өйткені көздерінің арасындағы қашықтық үлкендердікінен қысқарақ. Сондықтан олар бір 3D
кескіні үшін үлкендермен салыстырғанда көбірек стереоскопиялық тереңдікті алады.
y Жасөспірімдер
- 19-дан төмен жасөспірімдер 3D мазмұндағы жарықтың әсерінен сезімталдықпен жауап беруі
мүмкін. Оларға шаршап тұрғанда 3D мазмұнды көруден ұстануға кеңес беріңіз.
y Қариялар
- Қариялар жастарға қарағанда азырақ 3D әсерін түйсінеді. Теледидарға ұсынылғаннан
жақынырақ қашықтықта отырмаңыз.
3D көзілдірігін қолдану кезіндегі ескертулер
y LG 3D көзілдірігін пайдаланыңыз. Әйтпесе, 3D бейнелерді тиісті түрде көрмеуіңіз мүмкін.
y 3D көзілдірігін қалыпты көзілдіріктің, күннен қорғайтын немесе қорғаныс көзілдірігінің орнына
пайдаланбаңыз.
y Өзгертулер енгізген 3D көзілдірікті пайдалану көзге жүктеме түсіруі немесе кескінді бұрмалауы мүмкін.
y 3D көзілдірігін қатты ыстық немесе суық температурада ұстамаңыз. Бұл деформациялануды
тудырады.
y 3D көзілдірігі нәзік және оңай сызылады. Линзаларды сүрткенде әрқашан жұмсақ, таза шүберекті
пайдаланыңыз. 3D көзілдірігінің линзаларын өткір заттармен қырмаңыз немесе оларды химиялық
заттармен сүртпеңіз.
y Флюоресцентті шамдармен немесе үш толқынды ұзындығы бар шамдармен 3D бейнелерді көргенде,
экран жыпылықтап көрінуі мүмкін. Бұл орын алғанда, шамды өшіріңіз немесе төмен бағыттаңыз.
y Басқа электрондық немесе байланыс құрылғыларын өшіру немесе теледидардан ары қою керек,
өйткені олар кедергі тудырып, 3D функциясының дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауы мүмкін.
y Теледидарды жатып көргенде, 3D кескіндер күңгірттеу болып көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
11

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents