Samsung QN8 D Series Simple User Manual page 19

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 10
• Құрылғыны шаңы көп, температурасы жоғары не төмен,
ылғалдылығы жоғары, химиялық заттары бар жерге
немесе әуежай, теміржол вокзалы, т.с.с. тәрізді, теледидар
тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін жерлерге орнататын
болсаңыз, міндетті түрде Samsung уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Олай етпесеңіз, теледидарға
елеулі нұқсан келуі мүмкін.
• Осы аспапқа сұйық затты тамшылатпаңыз немесе
шашыратпаңыз.
ТД-ды қабырғаға орнату
Егер осы ТД-ды қабырғаға орнатсаңыз, өндіруші
белгілеген нұсқауларды бұлжытпай орындаңыз.
Егер дұрыс орнатылмаса,теледидар жылжып
немесе құлап түсіп, баланы немесе ересек
адамды қатты жарақаттауы, теледидарға елеулі
зақым келтіруі мүмкін.
• Samsung қабырғалық аспа жинағына тапсырыс беру үшін
Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Samsung Electronics қабырғалық аспа жинақты өз
бетіңізбен орнатып, жарақат алсаңыз не басқа адамдар
зардап шексе немесе мүлікке нұқсан келсе, ешбір
жауапкершілік көтермейді.
• VESA стандартына сай емес немесе ұсынылмаған
қабырғаға ілу жинағы қолданылса немесе сатып алушы
өнімді орнату нұсқауларын орындамай, өнімге нұқсан
келсе не адам жарақат алса, Samsung компаниясы
жауапкершілік көтермейді.
• Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге
перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Қабырғалық аспа
жинақты гипсокартоннан басқа қабырғаға орнату алдында
қосымша ақпарат алу үшін ең жақын жердегі дилерге
хабарласыңыз. Егер ТД-ды төбеге немесе көлбеу қабырғаға
орнатсаңыз құлап, адам қатты жарақат алуы мүмкін.
• Қабырғаға ілу жинағын орнатқан кезде, барлық төрт VESA
бұрандасын бұрауды ұсынамыз.
• Егер қабырғаға небары екі үстіңгі бұранданың көмегімен
бекітілетін қабырғаға ілу жинағын орнатқыңыз келсе,
міндетті түрде орнатудың осы түрінде қолданылатын
Samsung қабырғаға ілу жинағын пайдаланыңыз.
(Географиялық аймаққа байланысты қабырғаға ілу
жинағының осы түрін сатып ала алмауыңыз мүмкін).
• Теледидарды 15 градустан асыра қисайтпаңыз.
• Қабырғалық аспа жинақтың стандартты өлшемдері
Қаптамадан шығару және орнату нұсқаулығы
құжатындағы кестеде көрсетілген.
Қабырғаға ілу жинағын теледидар тоққа қосулы
тұрғанда орнатуға болмайды. Бұл адамның электр
тоғы соғуынан жарақат алуына себеп болуы мүмкін.
• Стандартты өлшемнен ұзын немесе VESA бұрандалар
стандартына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз.
Тым ұзын бұрандалар теледидардың ішкі бөлшектеріне
зиян келтіруі мүмкін.
• VESA стандартты бұрандалар спецификациясына
сай келмейтін қабырғалық аспа жинақ қолданылса,
бұрандаларының ұзындықтары қабырғалық аспа жинақ
спецификациясына байланысты басқаша болуы мүмкін.
• Бұрандаларды өте қатты қатайтпаңыз. Себебі құрылғыға
зақым келуі немесе құрылғы құлап, адам жарақат
алуы мүмкін. Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін
жауапкершілік көтермейді.
• ТД-ды үнемі екі адам қабырғаға орнатуға тиіс.
– 82 дюймдік немесе үлкенірек теледидарларды
қабырғаға төрт адам орнатуы керек.
ТД-ды дұрыс желдету
Теледидар *мен One Connect қорапшасын орнатқанда
ауаның алмасуына кедергі жасамау үшін теледидар *мен
One Connect қорапшасы және басқа нысандар (қабырғалар,
шкафтың бүйірлері және т.б.) арасында міндетті түрде
кемінде 10 см қашықтық сақталуы керек. Дұрыс желдетпеген
кезде, құрылғының ішкі температурасы артып, өрт шығуы
немесе оған зақым келуі мүмкін.
*: One Connect қорапшасына қолдау көрсететін үлгі ғана
• ТД-ды тұрғыға қою немесе қабырғалық аспа жинаққа
орнату үшін Samsung Electronics бөлшектерін ғана
қолдануды ұсынамыз. Егер басқа өндіруші шығарған
бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге зақым келуі немесе ол
құлап, адам жарақат алуы мүмкін.
Сақтық шарасы
Абайлаңыз: ТД-ды тартса, итерсе немесе
үстіне шықса, құлап кетуі мүмкін.
Атап айтқанда, теледидарды ілмеңіз
немесе тұрақсыз жерге қоймаңыз. Бұл
әрекет теледидардың төңкеріліп кетіп,
адамдардың елеулі жарақат алуына
немесе қазасына себеп болуы мүмкін.
ТД жинағымен қоса берілген қауіпсіздік
парағындағы сақтық шараларының
барлығын орындаңыз. "ТД-дың құлап
қалуына жол бермеу" тармағын қарап, құлап
кетуге қарсы құралды сатып алып орнату
арқылы орнықтылық пен қауіпсіздікті
барынша жақсы қамтамасыз етуге болады.
ЕСКЕРТУ: Теледидарды ешқашан орнықсыз
жерге қоймаңыз. Теледидар қондырғысы құлап
кетіп, адамдардың елеулі жарақат алуына немесе
қазасына себеп болуы мүмкін. Қарапайым
сақтық шараларын сақтау арқылы көптеген
жарақаттардың алдын алуға болады, мысалы:
• Әрқашан Samsung ұсынған шкафтарды немесе
тұрғыларды немесе құрастыру әдістерін пайдаланыңыз.
• Теледидарды қауіпсіз түрде көтеріп тұра алатын жиһазды
ғана пайдаланыңыз.
• Теледидар орналастырылған жиһаздың шетінен
теледидардың шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Қазақ - 3

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Qn9 d series

Table of Contents