Samsung UE46F8500A Manual page 81

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 28
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және
олар құрылғының нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасы
алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Жаңа ТД-дың функциялары
• 3D: Бұл жаңа функция 3D мазмұнды көруге мүмкіндік береді.
• SMART HUB:
Бұл ТД-дың көп мақсатта қолданылатын және отбасына арналған Smart Hub функциясы бар. Пайдаланушы Smart
Hub функциясымен ғаламторды шарлап, бағдарламаларды қотарып, әлеуметтік қызметтердің көмегімен отбасымен
және достарымен байланыста бола алады. Сонымен қатар, сыртқы жады құрылғыларында сақталған фотосуреттерді,
видео және саз файлдарын тамашалай алады.
Smart Hub қызметін бастау үшін басыңыз. Экранның үстіңгі жағында көрсетілген белгілерді пайдаланып қызметті
таңдаңыз.
Әлеуметтік: Ең соңғы YouTube видеоларын тамашалап, Facebook және Twitter сайттарындағы өзіңіздің және
достарыңыздың видео жарияланымдарын қараңыз. Сондай-ақ, ТД камерасын пайдаланып, достарыңызға
қоңырау шала аласыз.
Қолданбалар: WebBrowser тәрізді бағдарламаларды қотарыңыз және орнатыңыз.
Теледидардағы ақпарат: Ағымдық таратылымдағы және жоспарланған бағдарламалар тізімін қараңыз. (Елге
байланысты)
Фильмдер мен тв-шоулар: Бейнефильмдер мен сериялдарды сыртқы құрылғыны пайдаланбай сатып алып көріңіз.
(Елге байланысты)
Фотосур-р, бейне-р және музыка: Сыртқы жады құралындағы фотосуретті, видео және саз файлдарын ойнатыңыз.
• Anynet+ (HDMI-CEC): Бұл Anynet+ функциясын қолдайтын, барлық жалғаулы тұрған Samsung құрылғыларын Samsung
ТД-ның қашықтан басқару пультімен басқаруға мүмкіндік береді.
• e-Manual: ТД-ға кіріктірілген егжей-тегжейлі, бейнебеттегі пайдаланушы нұсқаулығымен қамтамасыз етеді. (12-ші бет)
• SMART байланыс: Осы функцияны қолданып, мәзір параметрлері мен функцияларына қимылдың көмегімен баруға
және басқаруға болады.
• Құрылғы менедж.: ТД функцияларын USB немесе блютус пернетақтасын және тінтуірді қолданып пайдаланыңыз.
• MHL & Экранның айналық көшірмесі: Ұялы құрылғының дисплейін сымсыз немесе сымы бар интернет қосылымын
пайдаланып ТД арқылы көрсетеді.
Осы өнімді дұрыс тастау (Қолданыстан шыққан электр & және электроника бөлшектері)
(Жеке қоқыс тастау жүйесін қолданатын елдерге қатысты)
Өнімдегі, оның керек-жарақтары немесе ілеспе кітапшасындағы белгі, осы өнім мен оның электроникалық керек-
жарақтарын (мысалы, зарядтағыш құралы, құлақаспабы, USB сымы), қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін басқа
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамау керек дегенді білдіреді. Қалдық дұрыс тасталмаған жағдайда қоршаған ортаға
немесе адамдардың денсаулығына келетін зиянның алдын алуға және материалдық ресурстарды қайтадан қажетке
жаратуға өз үлесіңізді қосу үшін бұндай заттарды басқа қоқыс түрлерінен бөлектеп, қалдық өнімдерді қайта өңдеуден
өткізетін жерге апарып тапсырыңыз.
Тұрмыстық құрылғыны қолданушылар, осы заттарды қоршаған ортаға залалсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін осы
құрылғыны қайда апарып тапсыру, қалай тапсыру туралы егжей-тегжейлі ақпаратты, осы өнімді сатып алған бөлшек
сауда орталығына немесе жергілікті мекемеге хабарласып алуына болады.
Коммерциялық мақсатта қолданушылар, өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-шартының
талаптарымен танысуы керек. Осы өнім мен оның электроникалық керек-жарақтарын басқа да коммерциялық өнімдердің
қалдықтарымен араластырып тастауға болмайды.
Осы өнімнің батареяларын дұрыс тастау
(Жеке қоқыс тастау жүйесін қолданатын елдерге қатысты)
Батареядағы, нұсқаулық немесе орамдағы мына белгі, осы өнімнің батареяларын, қолданыстан шыққаннан кейін басқа
да тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды дегенді көрсетеді. Егер батареяда Hg, Cd немесе Pb тәрізді
химиялық элементтердің белгілері көрсетілсе, онда аталмыш батареядағы сынап, кадмий немесе қорғасынның мөлшері,
Еуропалық Одақтың 2006/66 ережесінде ұсынылған деңгейден артық екендігін білдіреді. Батареяларды дұрыс тастамаған
жағдайда, бұл элементтер адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін.
Табиғи ресурстарды қорғап, материалдарды қайта қолдануға өз үлесіңізді тигізу үшін, батареяларды басқа қоқыстардан
бөліп, таусылған батареяларды қабылдайтын жергілікті мекемеге тапсырыңыз.
Казақ - 3

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

8 seriesUe55f8500aUe46f8500sUe55f8500s

Table of Contents