Makita DBO380 Instruction Manual page 43

Cordless finishing sander
Hide thumbs Also See for DBO380:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Аккумулятордың максималды
қызмет ету мерзімін сақтау
бойынша кеңестер
1.
Аккумулятор картриджін қуаты толығымен
таусылмас бұрын зарядтаңыз. Электр
құралының қуаты аз екендігін байқаған
кезде, құрал жұмысын тоқтатып,
аккумулятор картриджін зарядтаңыз.
2.
Толығымен зарядталған аккумулятор
картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз.
Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету
мерзімін қысқартады.
3.
Аккумулятор картриджін 10 °C – 40 °C
(50 °F – 104 °F) бөлме температурасында
зарядтаңыз. Зарядтамас бұрын аккумулятор
картриджін суытыңыз.
Аккумулятор картриджін пайдаланбаған
4.
уақытта оны құралдан немесе зарядтау
құрылғысынан алып тастаңыз.
5.
Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт
бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған
болсаңыз, оны зарядтаңыз.
Сымсыз блокқа арналған
маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
1.
Сымсыз блокты бөлшектемеңіз немесе өз
бетінше ашып жөндемеңіз.
2.
Сымсыз блокты кішкентай балалардан
алшақ ұстаңыз. Кездейсоқ жұтып қойылса,
дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
3.
Сымсыз блокты Makita құралдарымен ғана
пайдаланыңыз.
Сымсыз блокты жаңбырдың астына немесе
4.
ылғалды жерлерге қоймаңыз.
Сымсыз блокты температурасы 50°C-ден
5.
(122°F) асатын жерлерде пайдаланбаңыз.
6.
Сымсыз блокты кардиостимулятор сияқты
медицина құралдары жақын орналасқан
жерлерде қолданбаңыз.
7.
Сымсыз блокты автоматтандырылған
құрылғылар жақын орналасқан жерлерде
қолданбаңыз. Қолданған жағдайда,
автоматтандырылған құрылғылар дұрыс жұмыс
істемеуі немесе қате пайда болуы мүмкін.
8.
Температурасы жоғары жерлерде немесе
статикалық электр қуаты немесе электрлік
шу пайда болатын жерлерде сымсыз
блокты қолданбаңыз.
9.
Сымсыз блок электрмагниттік өрістер (EMF)
шығарады, олар пайдаланушыға қауіпті
емес.
10. Сымсыз блок дәл жұмыс істейтін аспап
болып табылады. Сымсыз блокты құлатып
немесе соғып алмаңыз.
Сымсыз блоктың клеммасын жалаң қолмен
11.
немесе металдан жасалған материалдармен
ұстамаңыз.
12. Сымсыз блокты орнатқанда,
аккумуляторды әрқашан өнімнен шығарып
алыңыз.
13. Шаң мен судың ойыққа кірмейтін жерлерде
ғана ойық қақпағын ашыңыз. Ойықтың
кірісін әрқашан таза ұстаңыз.
14. Сымсыз блокты әрқашан дұрыс бағытта
орнатыңыз.
15. Сымсыз блоктың сымсыз іске қосу түймесін
тым қатты баспаңыз немесе ұшы өткір
затпен баспаңыз.
16. Жұмыс істеп тұрған кезде, әрқашан
ойықтың қақпағын жабыңыз.
17. Құрылғыға қуат беріліп тұрған кезде
сымсыз блокты ойықтан шығармаңыз.
Бұлай істеу сымсыз блоктың ақаулығына себеп
болуы мүмкін.
18. Сымсыз блоктағы жапсырманы алмаңыз.
19. Сымсыз блокқа ешқандай жапсырманы
жабыстырмаңыз.
20. Сымсыз блокты статикалық электр қуаты
немесе электрлік шу пайда болатын
жерлерде қалдырмаңыз.
21. Сымсыз блокты қатты ыстық жерде
қалдырмаңыз, мысалы, күн астында тұрған
көлікте.
22. Сымсыз блокты шаңды не ұнтақты жерде
немесе жемір газ пайда болатын жерде
қалдырмаңыз.
23. Температураның кенет өзгеруінен сымсыз
блокта ылғал пайда болуы мүмкін. Ылғал
толығымен кепкенше сымсыз блокты
пайдаланбаңыз.
24. Сымсыз блокты тазалау кезінде
құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Бензинді, сұйылтқышты, ток өткізгіш
майларды немесе сол сияқты заттарды
пайдаланбаңыз.
25. Сымсыз блокты сақтаған кезде оны
берілген қапта немесе статикалық электр
қуатын өткізбейтін контейнерде ұстаңыз.
26. Құралдағы ойыққа Makita сымсыз блогынан
басқа ешқандай құрылғыларды қоспаңыз.
27. Құралды ойық қақпағы зақымдалған
жағдайда пайдаланбаңыз. Судың, шаңның
және кірдің ойыққа түсуі ақау тудыруы мүмкін.
28. Ойық қақпағын күштеп тартпаңыз не
бұрамаңыз. Қақпақ құралдағы орнынан шығып
кетсе, орнына келтіріңіз.
29. Ойық қақпағы жоғалса немесе бұзылса,
ауыстырыңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
43 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Dbo381

Table of Contents