Желіге Қосылу - Samsung UE32F5300A User Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 22
Жаңартылған эл. нұсқаулықты пайдалану
Smart Hub функциясын ашып,Қолданбалар, содан кейін Қос-ша бағ-лар параметрін таңдаңыз.
Эл. нұсқаулықты жаңарту тәсілі, бағдарламаны жаңартатын тәсілмен бірдей.
Қос-ша бағ-лар бейнебетінен Бағ-ды жаңарту параметрін таңдаңыз. Тізімнен эл. нұсқаулықты
таңдаңыз. Эл. нұсқаулық соңғы нұсқаға дейін жаңара бастайды. Дегенмен, бейнебетте Бағ-ды
жаңарту бағдарламаны жаңарту қажет болған кезде ғана көрсетіледі.
Желіге қосылу
Smart ТД-ды желілік қауымдастыққа қосқан кезде Smart Hub тәрізді желідегі қызметтерге
қосылуға, сондай-ақ бағдарлама жаңартылымдарын алуға мүмкіндік туады.
Желілік байланыс - Сымсыз
ТД-ды интернетке стандартты роутерді немесе модемді пайдаланып қосыңыз. Желіге сымсыз
қосылу үшін әуелі "Samsung сымсыз LAN адаптерін" (WIS09ABGNX немесе WIS12ABGNX - жеке
сатылады) ТД кез келген USB ұяшығына жалғау керек. Төмендегі суретке қараңыз.
Қабырғадағы
LAN ұяшығы
LAN сымы (жинаққа кірмейді)
Сымсыз желіге қатысты сақтық шаралары
• Samsung сымсыз LAN адаптері IEEE 802.11a/b/g және n тілқатысу протоколдарына қолдау
көрсетеді. Samsung компаниясы IEEE 802.11n протоколын қолдануды ұсынады. Бейнефильмд
IEEE 802.11b/g қосылымы арқылы көрген кезде, бейнефильм бірқалыпты көрсетілмеуі мүмкін.
• Сымсыз желіні пайдалану үшін ТД сымсыз роутерге немесе модемге қосылып тұруға тиіс.
Егер сымсыз роутер DHCP функциясына қолдау көрсетсе, ТД желіге DHCP немесе тұрақты IP
мекенжайын пайдаланып сымсыз қосыла алады.
• Сымсыз роутер үшін ағымдық қолданылмай тұрған арнаны таңдаңыз. Сымсыз роутер үшін
таңдалған арнаны басқа құрылғы қолданып тұрса, әдетте бөгеуіл пайда болады және/немесе
қосылым іске аспауы мүмкін.
• Көпшілік сымсыз желілердің балама қауіпсіздік жүйесі бар. Сымсыз желінің қауіпсіздік жүйесін
қосу үшін таңбалар мен сандарды пайдаланып қауіпсіздік кілтін жасау керек. Содан кейін
сымсыз желіге қосылу үшін қауіпсіздік кілті қолданылады.
Сымсыз IP
ортақтастырғышы (DHCP
сервері бар роутер)
Казақ - 10
Теледидардың
Samsung сымсыз
LAN адаптері
(жинаққа кірмейді)
бүйір панелі

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

5 seriesUe39f5300aUe42f5300aUe46f5300a

Table of Contents